Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
идеясы негізінде жалпыазаматтық ұлт ретінде жаңа этнос құру керек, немесе тұрғындардың пассионарлық бөлігі ауып кету, болмаса тұтастығын жоғалтып, бақылаудағы тәуелсіз территориясынан айрылып қалу қаупі бар этнократиялық мемлекет ретінде қала беру.

Радик Темиргалиевтің «Шыңғысхан мұрасы» мақаласы («Эксперт» журналы).

      Шыңғысханға қатысты біздің көзқарастарымыздың ұқсастығын, әсіресе Юдиннің чингизизм жөніндегі ілімі растайтын Шыңғысхан өсиеттері мен заңының діни табиғатына қатысты келесі абзац жария етеді: «Сәл бұрынырақ Кеңес Одағы барлық халықтарының тарихындағы Шыңғысханның тарихи маңызы тек біртекті бағаланатын. «Біздің ел халықтарының монгол-татар езгісіне қарсы күресі» – КСРО тарихы жөніндегі оқулықтарда тиісті бөлімдер мен тараулар осылай аталатын. Тарихи ғылымда тек осы езгі ғана Кеңес Одағына кірген халықтардың монголдар ақыры бағындыра алмаған Батыс Еуропа халықтарынан даму жағынан артта қалуының басты себебі деп саналған. Бірақ бұл концепция қазақ халқының тарихи көкейімен онша байланыспайтын. Өйткені қазақ эпосы жырлаған каһармандары ерліктер жасап, Қырымды аралаған және Қазанды қорғаған Улуг Улус (Ногайлы) әсем елі кеңестік оқулықтар мың қарғаған Алтын Орда болатын. Көзімен көргендердің куәландыруынша XIX ғ. өзінде құдыретті көшпелі империяның құлауы жөніндегі дастандар далалықтардың көздерінен жас шығаратын. Шалдар өздерінің әңгімелерінде жауыз хан Бердібекті қарғайтын, Иван Калитаның ғажаб қулығына таң қалатын және Едігенің өжеттігіне тамсанатын. Юдин өте сәтті чингизизм деп атаған Шыңғысханға табыну рәсімінің де қазақтар өмірінде зор маңызы бар еді. Бақсылар өздерінің магикалық рәсімдерін жасағанда, ұлы жаугершінің әруағын көмекке шақырған, ал қара халық оның ұрпағын тек билеушілер ғана емес, қасиетті рудың өкілдері ретінде де құрмет тұтқан. Сондықтан XIX ғ. қазақ даласы төрелер өз билігін сақтаған жалғыз мекен боп қалды. Шыңғысхан ұрпағы баяғыда қырылған көрші мемлекеттер мен тайпалық одақтар ақсүйек қанды хандарды қазақтардан «қарызға сұраған». Біздің әлгі аталған қыпшақтарға қатысты бір-бірімізге тәуелді емес көзқарастарымыздың бір-біріне ұқсас екенінің дәлелі ретінде мына абзацты келтіру артық болмас:

      «Қыпшақтардың көсемі ретінде билігі мұрагерлік арқылы берілетін хандар болғанын атап өту қажет. Ильбури (Ель Бори. – Авт. еск.) руынан қыпшақ династиясы болғаны жөнінде түрлі мұсылман және қытай жылнамалары айтады… Ал С. Кляшторныйдың пікірінше, көне түрк династиясы Ашинадан («қасқыр қаншығынан туғандар») шыққан. Олардан болгар патшалары асенидтер де шыққан. Бірақ бұл нұсқалар бір-біріне қайшы емес, өйткені Ильбури түркі тілінен «бөрі елі», «бөрі тайпасы» деп аударылады және де бір кезде Ашинаның ескі атауын жәй ауыстыра салуы мүмкін. Алайда, өздерінің өзіндік ақсүйектері болса да, ол біртұтас мемлекет құруға әкелмеген. Көптеген қазіргі Қазақстан тарихшылары өздерінің жұмыстарында бір түсініксіз «Қыпшақ хандығы» жөнінде айтады, алайда, монголдан бұрынғы кезеңде


Скачать книгу