Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
сұлтандарды табалар еді. Бірақ, тіпті, Масуд бен Осман Кухистанидің «Тарихи Абулхаирханиіде» бұл жөнінде жұмған аузын ашпайды. Бұл шығармада Өзбек ұлысында XV ғасырдың 20–60-шы жылдарында болған барлық ең титтей маңызы бар оқиғалар баяндалады, Абулхаирға бағынған барлық тайпалар аталады, барлық сарай жанындағылар мен қолбасшылардың аттары аталады, бірақ Керей мен Жәнібек жөнінде бір сөз жоқ. Және соңғылардан бағыныштылық күту оғаштық болар еді. Жәнібектің әкесі Барак ханды маңғыт бектері өлтірген болатын(кейбір деректер бойынша, Барақпен бірге Керейдің әкесі Булат та өлтірілген). Сосын олар Шығыс Дешті Қыпшақ тағына шибан тармағының өкілі Джумадукты қойған. Оны біраздан соң өлтіреді де, жаңа хан боп шейбанид Абулхаир шыға келеді. Жәнібек пен Керейге ол оларға тиесілі тақты тартып алған тексіз біреу. Бұлар оған қарсы тұра алмас еді, өйткені оның артында құдыретті маңғыттар тұрды, бірақ жас ханға бағынуды да өзіне ар санады. Және де Барак ханның өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің қай жерде болғанына болжам жасауға мүмкіндік беретін кейбір деректер бар. Мысалға, Островицалық Константин сынды ортағасырлық автор 1459 жылға қатысты мынандай деректер қалдырған: «Трапезунд, Синоп сияқты Қара теңіздің мына жағында жатыр, трапезунд жері таулы және кең, барлық жағынан оны дінсіздер қоршаған, олардың бәрі Ұлы хан және Узунхасан, Джанибек Гирей сияқты (Р.Т. бөліп, назар аударған) татарлар, осы татар билеушілері түрік сұлтанынан гөрі, олар өздері сияқты қарғыс атқандар дінінен болса да, өзінің көршісі ретінде трапезунд императорын көргісі келді. Константин жазбаларының комментаторлары осы үзіндіде Жәнібек пен Керей есімдеріне назары түсіп, шығарма авторы таққа тек 1477 ж. отырған Қырым ханы Джанибек Гирейді атап, қателескен деп болжам жасаған. Тек «Астрахан хандығы» еңбегінің авторы И. Зайцев басқа ой ұсынған: «Бұл жұмыста аталып отырғандар ағайынды қазақ Жәнібек пен Керей болуы әбден мүмкін, бірақ онда олардың Трапезунд және османдармен шекаралас болғаны түсініксіз». Әйтсе де, Константин хабары халық ақыны Асан Қайғының шығармашылығында расталады. «Хан Жәнібекке арнау» деген оған телінетін өлеңінде хан жарлығымен қиын және еш қисынсыз көшке шығу суреттеледі. Және көш бағыты Жем, Ойыл, Еділден өтеді. Қазіргі уақытта аз ғана жұрты бар қашқын сұлтандардың қайда тұрақтағаны белгісіз.
Мүмкін, олар Солтүстік Батыс Кавказ территориясын таңдаған шығар. Барлық жағдайға қарағанда, бұл мекен қазақылықтың отаны болған сияқты. Мысалы, Мәскеумен соғыс кезінде осы Кубаньда ғана 1445 жылдың көктемінде Қазан ханы Улуг Мухаммед еш қиындықсыз және тез екі мың казакты ақы төлеп өз әскеріне алған. Бірнеше ай өткен соң сол баяғы «Черкеске» өз өмірлерін сақтап қалу үшін хан ұлдары қашқан. Сонда сол казактар кім болды екен? Әдетте, түркі тілдерінен «казак» термині «ерікті», «кезбе», «жолаушы» деп аударылады. Тар мағынасында дала қарақшыларын да, аздаған салт аттылар тобын да және жәй жалғыз ілікті батырларды да осылай атаған. Әйтсе де,