Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
деген екен. Сосын айтыпты: «Егер Ресейге қосылсам, мен мұны өзгертер едім» деп. Мысалы, қартайған Жәңгір ханның өзі батыр ретінде жекпе-жекке шығып, он жеті жасар жоңғардың қолында өледі. Көріп тұрғаныңыздай, қазақылық ежелгітүрік институтының тарихында бәрі аса күрделі боп шықты: ауылдарымен ерікті көшіп-қонып жүрген казактар, немесе бай көшпенділер пайда болудан бұрын, еркін жаугер ретіндегі батыр казактар пайда болды, олар өздеріне атақ-даңқ іздеуші болашақ патшалар, яғни, оларға өздерінің ерен қасиеттерін көрсете алатын мемлекет керек. Жалпы айтқанда, Ашина түркілері, оларды Турфанан Алтайға ауыстырғасын, алтай тайпалары үшін әрқашанда казактар болған, яғни, дала тайпаларының әскери демократиялық құрылымы жағдайында (тюрк. хан мен хакандардың, немесе монг. кандар мен каандардың) әскери көсемдер рөлін ойнаушы әскери сословие. Осыдан кейінгі ежелгі монгол хандарының неге далада жалғыз жүргені ұғынықты. Осыған байланысты, мысалы, татарлар жалғыз қаңғып жүрген Шыңғысхан әкесі, Қият Борджигин руының негізқалаушысы Есугэге у беріп өлтіреді. Осы тұрғыда, біздіңше, Ашинаның ежелгітүркілік бөрілік руы мен ежелгі монгол Қият бөрілік руы арасында байланыс бар. Бұл өте маңызды. Бұл арада біз тек Абулгази мен Валиханов тапқан ұқсастықтармен шектелмейміз. Бұл ұқсастықтан өзге мұнда түркі мен монголдардың өз атауларының тайпадан тыс мағынасынан осы рулардан шыққан әскери көсемдердің бір қазақылық табиғаты көрініп тұрғандай. Ежелгітүркі дәуірі басталғаннан кейінгі уақытта неге түркілер тайпалық одағы жоқ боп кетті деген мәселеден кейін өзіне тән табандылығымен Әкімбеков енді неге монгол тілді ежелгі монгол тайпаларында монгол тайпасы жоқ болған деген «монгол» мәселесіне тоқталады. Оның дұрыс ойынша, «XII ғ. Монголияның құжынаған көптеген тайпалары арасында монгол нақты тайпасы жоқ болған». Сонымен бірге, Монгол империясының негізқалаушысы Шыңғысханның отбасы ірі түркімонгол тайпасы тайджуиттен шыққан. Өздерінің статустары бойынша одан бұрынғылар тайджуиттердің әскери көсемдері болған. В.Я. Владимирцовтың айтуы бойынша, олар «тек соғыста, жорықта, қарақшылықта ғана өздерін көрсете алатын, әрқашанда даулы билігі бар тұрақсыз топтардың тұрақсыз көсемдері болған». «Сондықтан болар Рашид ад-Динде Хабулханның ұлдары Хутула хан мен Кадан Багатур туралы олардың тек жиырма нөкерімен қалай өз жұртында құралас тайпасының жерінде уклат тайпасымен соғысқаны жөнінде әңгімелер көп. Олардың барлығы тайджуиттен шыққан болатын және тек Шыңғысханның әлем падишағы болғаннан кейін бұл батыр казактар жалпы монголдық хандар деп аталған. Олардың тайпасы ең алдымен монгол атауына хұқылы еді, бірақ, олар өз тайпасымен байланыста болмаған, бірақ олардың өз тайпасы Шыңғысханның бірінші жауы еді (сонда, с. 140–141).
Айтпақшы, монгол терминінің тарихы, этимологиясы және семантикасы жөнінде Әкімбеков Шыңғысхан монгол атауын арнайы ойлап «киіз үйде тұратын бүкіл ұрпақтардың жалпыазаматтық, саяси бірлігінің атауы ретінде енгізді. Енді олар