Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
Жошы ұлысының барлығында билікті тартып алуға тырысқан (сонда, 424 б.). Өтеміс қажының «Шыңғыс-Намесінде» Хызр хан өзінің казактарына Өзбек ханның мүмкін Батуден көшкен Ақ Ордасын қиратыңдар және осы Алтын Орданың мұра боп тек төрелер арасында таратылатын қасиетті орданың алтын табалдырығын өзара бөліп алыңдар деген жарлық бергені айтылады. Кейін ордуид Урус хан шығып, өз билігіне Жошы ұлысының оң және сол қанаттарын біріктіреді. Бірақ кейін сарай тағына үлкендігі жағынан ордуидтерге бағынатын сол қанаттың өзге династияларынан шыққан шейбанид Араб шах та, тука тимурид Тоқтамыс та отырды. Ақсақ Темір (Тамерлан), шағатайлық ортаазиялық мыңдықтарын біріктірген барлас тайпасының монгол казагы, стратегиялық тұрғыда қазақ ордасымен соғысудың пайдасыз екенін де, оның Еділ бойындағы қалалар мен Хорезмді басып алуының қаупінде жақсы түсінді. Сондықтан ол бұл қалаларды тұрғындардан тап-таза ғып ойрандап, олардың тұрғындарын енді Ұлы Жібек жолы Жошы ұлысынан өтпесін деп, Орта Азияға қуып әкелді. Содан бері Жошы ұлысының оң қанаты заң жүзінде де, географиялық шекарасында да қайта өңделмеді (егер оның Темір Кутлугтың Ұлы Ордасы ретіндегі бір сынығын еске түсірмесек). Ал Көк Орда Ақ Ордамен бір орналасты да, узурпатор шейбанид Абулхаирхан билігіндегі Көшпелі өзбектер мемлекетіне айналды. Өзбек-казактар, кейін жәй казактар бақылауына аракідік қазақ саудасы үшін өмірлік маңызы бар, бірақ әлемдік сауда үшін шет қалған Сыр бойындағы қалалар өтіп тұрды. «Тимурдың осындай саясаты Жошы ұлысын шенеуніктерсіз, қолөнершілерсіз және саудагерлерсіз қалдырды (сонда, 447 б.). Және де Алтын Орданың мұрагері ретіндегі Ресейге сауда мақсатында қосылу тек уақыт еншісінде қалды, өйткені, қазақылық көшпелі цивилизация дамуының соңғы кезеңі болғасын, бар мүмкіндігін сарқып, енді технологиялық артта қалуға ұрынған еді.

      Қазақтардың кейінгі қазақылық этногенезі жөнінде Әкімбеков: «Моңғол мемлекеттік дәстүрінің қирандысындағы жаңа этникалық топтардың құрылу барысына көп уақыт кетті. Сол сияқты Литва және Мәскеу мемлекетіне қызмет жасап, әскери сословиеге айналған Шыңғысхан ұлыстарының ақсүйектерін ассимиляциялау да оңайға түспеді… Кейін жаңа этностың атауына айналған және, сонымен бірге, Ресей мен Украинадағы арнайы әскери сословиенің атауы болған казак атауының шығуы да монгол дәстүрінің дағдарысымен тығыз байланыста… Анығы, қазақ атауы дәл XV ғасырда кең тарады және тек монгол дәстүрлі мемлекеттерде… Екі жағдайда да термин өзінің алғашқы мазмұнынан өте алыстап кетті» (сонда, 461–462 бб.). 2011 жылы бесенеден белгілі болған қазіргі қазақтармен орыс-казактарының өз атауларына сәйкес екенінің мойындалғанынан кейін олардың арасындағы өте анық байланысқа ешкім күле қоймас және қазақ этногенезінің қазақылық концепциясын жоққа шығара алмас. Тек Әкімбековтің әлгі терминнің өзінің ежелгі және ортақ «ерікті, бостандықтағы» мағынасынан осы екі мәдени-тұрмыстық қауымдастықта қай жағынан алыстағанын көрсетпегені қынжылтады. Ал оның


Скачать книгу