Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
бойынша, мангудың бір мағынасы «мықты, күшті» болса, түркі сөзінің жалпылама мағынасы да сол. Ал алғашында мангу «күшті су» мағынасын берген және мангу-л Мангу өзенінің бойында тұратындар деп аударылуға тиіс, яғни Амур мен Аргунидің бассейндерінде. XIX ғ. Васильев «Амурдың төменінде осы уақытқа дейін мангут тайпасы тұрады, олардың аты өзендіктер деп аударылады. Бәлкім, осыдан тек қана мангудтардың даңқты атауы емес ежелгі монголдардың судан қорқатыны да осыдан болар(оларда жауын кезінде суға түсуге, немесе кір жууға тыйым салынған, бұл әдет тіпті Ертістегі кимактарға көшеді. Ахинжанов оларды Маньчжуриядан келген монголтілді си тайпасы деп санаған). Сөйтіп, біз аңыздық Эргэнэ Кун деп тек барлық Амурмен байланыстағы Аргунь бассейнін атай аламыз. Және, бәлкім, тек Маньчжуриядан ғана Монголияға көптеген монголтілді нирун тайпалары көшкен шығар. Әйтсе де, нирундар да, турлигиндер де өздерін Шыңғысханнан бұрын монгол деп атамаған. Ал қытайлардың өзі«Мэн-да бэй-лу» бойынша Шыңғысты және оның қолбасшы ақсүйектерін қара татар деп атаған. Және есіңізде болсын, монголтілдес кидандар сияқты оларды шивей атамаған және тунгустілді чжурчжендер сияқты мән гу деп атамаған. Қытайдың бар тайпалары (кит. Дада): ағы болсын (Ішкі Монгол далаларындағы), қарасы болсын (сыртқы далалардағы) және жабайысы болсын (ормандағы) ерекше түркітілді ру шатодан шыққан, міне, қайда жатыр Қытайдың тарихи қарсыластары ретіндегі түркі мен монгол арасындағы мұрагерлік. Ең жөндісі, Шыңғысхан бүкіл татарды емес, тек осы Шато саяси руын қырған болу керек. Жоғарыда аталған Мэн Хун татарлардан «монголдар (мэн) баяғыда өлтірілген және жоқ боп кетті деген деректі білсе де, Сун шенеунігі Ли Синь Чуань былай деп жазады: «енді татарлар өзін Ұлы монгол мемлекеті деп атайды». Сол сияқты Қытай мен Русьтің оңай батасымен монголдар барлық өзге әлем үшін татарлар боп қала береді. Өздерінің монгол (мангул, могол, могал және мүмкін тіпті моал) өз саяси атауын тек далалықтардың өздері ғана анық білетін болады. Сөйтіп, Монголияның түпкі түркітілді тайпалары турлигиндердің (татарлар, наймандар, керейлер, жалайырлар, кырғыздыр және т.т.) арасында түркі-монголтілді нирундар (баарин, дуклат, мангут, барлас, чонос, әлде, жаныс (?) және т.т.) тайпалары болған, соның арасында тайджуит тайпасы болған, оның арасында әскери көсемдерден тұратын, түркітілді және тайджуиттермен туысқандық емес, саяси байланыстағы қият руы болған. Яғни, тайджуиттер қият руының ұлысын құраған, ал ол «біріншібүкілмонгол» ханы Хабулдан тараған джуркиндерге, чаншуиттерге және ясарларға бөлінген. Көккөз борджигиндердің бөлімі Шыңғысхан әкесінен жасанды түрде және Шыңғысхан казактары тайджуиттерді жаулап алғаннан және осы рудың өзге бөліктерінің ақсүйектері өлтірілгеннен кейін бөлінген. Оны аз десеңіз, Шыңғысхан өз руының ең жақын туыстарын өлтіруге мәжбүр болды. Мысалы, өзі онда құлдықта болған, ал тайджуиттар өзінің «табиғи иесі» санаған, яғни заңды билеуші тұтқан Таргитай Кирилтухты. Міне, сондықтан Шыңғысхан тайджуиттарды, олар оның