Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
және жабайы Қазақ Ордасына айналды. «Екі Сарматия жөніндегі трактатында» (1517 ж.) Матвей Меховский мына жәйтті атап өтуді жөн деп тапқан: «татардың ордалары төртеу және императорлары да сондай. Ал дәлірек айтқанда: Еділ сыртындағы татарлардың ордасы, перекоптықтардың ордасы, козандықтардың (Cosanensium) ордасы және төртіншісі ноғайлықтардың ордасы. Тағы да императоры жоқ бесіншісін қосады және оны қазақылықі деп атайды (Kazacka)». Ұлы князь Василий III (1505–1533 жж.) кезеңіндегі орыс жылнамаларында Қасымханды да енді «царь казацкий» деп атай бастаған. Бірақ шығыс қайнаркөздердегі казак ұғымының ұзақ уақыт урусидтерге бағынышты халыққа емес, тек олардың өздеріне қатысты қолданылатынын естен шығармау керек. Мысалы, Искандар Мунши, XVI ғ. аяғындағы белгілі оқиғаларға қатысты былай деп жазған: «Тәуке хан казак Мәуереннахрда жөнді билеуші жоқ деп көкірегіне нан пісіп, Туркестан және далалық өзбектер тайпаларынан қайыспайтын садағы бар сансыз және есепсіз қол жинады». Казак ұғымының саяси мағынасы сол кезеңнің көптеген орыс құжаттарында да белгіленген, мысалы, онда қазақтарды «Қазақ Ордасының» татарлары деп атаған. Бірақ атау тез орныққанымен, урусидтер династиясының өкілдері де, оларға бағынышты тұрғындар да сырттан телінген терминды ұзақ қабылдамады. Қазақ тарихшысы Қадырғали бектің «Жамиғат ат тауарихында» (XVII ғ. басы) казак термині тіпті аталмайды да. Оның орнына автор өзбек этнонимін қолдануды жөн көреді. Тарихи дастандарда негізінен «ноғай» атауы қолданылады. Тек Жиембет жыраудың толғауларында (XVII ғ. басы) Есім ханның бодандары алғаш рет қазақ (казак – Авт. еск.) деп аталады. Сөйтіп, халықтың өз атына үйреніп, оны өздерінің ғажап еркінсүйгіштігінің белгісіндей бағалап, мақтан тұта бастауына жүз жылдан астам уақыт керек болды. Және де бұл атау дулат пен жалаирларды, арғын мен наймандарды, қыпшақ пен алшындарды өз заңымен және өз мемлекетінде тұруға талпынған біртұтас халыққа біріктірді». Сөйтіп, жоғарыда келтірілген барлық қағидаларға қарағанда, Р. Темиргалиев еріксізден қайта басылып отырған кітапта ұсынылған қазақ мемлекеттілігі мен этносының қазақылық шығу тегі ілімінің қарсыласынан гөрі жақтасы екені айдан анық.
Осы кітап басылып шығар алдында, 2011 басында С.М. Әкімбековтың «Далалар тарихы: Еуразия тарихындағы Шыңғысхан мемлекетінің құбылысы» территориялар мен тарихи кезеңдерді суреттеу жағынан ауқымды, зерделеу жағынан жарқын құрылымды зерттеуі шықты. Бұл кітап ғылыми жағынан бар талаптарға жауап береді, өйткені Султан Магрупович тарих маманы және оның ғылыми дәрежесі бар. Сырттан білсек те, ол Қазақстан шығу тегінің қазақылық концепциясымен таныс емес, өйткені қайта басылып отырған кітаптың авторына сілтеме жасамаған. Бірақ қайта басылып отырған кітаптың шешімдері мен қағидаларын растауда, бұл кітаптың құндылығы бөлек. Осы кітапқа өз түсінігімізді қысқаша баяндап беруге тырысайық.
Әкімбеков б.д.д. III ғ. Қытай реформалары Қытайдың далалық шеті