Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
теңестіреді. Ежелгі монголтілдес қауымдастығындағы монголтүсті тайпаларға қатысты оларды кейінгі ғұндар деп танып, Әкімбеков бір шешімге келеді: «…қалай болғанда да түркі және монгол тілдері бір түбірлес болды ма, әлде тек көршілес болды ма, онда сөйлейтіндер, бір жағынан, иран тілдерінде сөйлейтіндердің және, екінші жағынан, ежелгі монгол тілдерінде сөйлейтіндердің арасында болған.
Демек, Батыс Монголия және Маньжурия арасындағы орналасқан Шығыс Монголия тұрғындары ежелгітүркі тілдерінде сөйлейтіндер болған» (сонда, 66 б.). Сөйтіп, егер ертедегі ғұндардың түркілді болғандары жөніндегі дауларға әлі шек қою мүмкін емес болса, онда ежелгі монгол, әсіресе, «турлигиндер»/«дарлекиндер» деген дауларды қою керек, өйткені олардың түркітілдігі анық болып тұр. Сонан Әкімбеков 546 жылы Ашина руы айналасында Алтайда жиналған түркүт тайпасын көп телес тайпаларының бірі дейді, бұл қайта басылып отырған кітап авторына өте қымбат пікір. Өйткені, ол қазақ ішіндегі ел құраушы арғындарды телеуіттерден және гаогюйлік динлиндерден, демек басмылдардан шығарады. Қарасаңыз, Әкімбеков Виктор Маглинов сияқты, гаогюй телеуіттерінің Ашинамен байланысын айдан анық көріп отыр. Оны айтасыз, Әкімбеков «Монголияның түркітілді тайпаларының арасында Бумын басқарған Ашина тайпасы өз кезегінде V ғ. Алтайда құралған көшпелі бірліктің ішіндегі көптің бірі еді. Қағанат құрудан бұрын түрк сөзі тек «он оқ» атауы болған… Бұл мағына қағанат дәуірі кезінде де сақталды… Жалпы, нақты тайпалар ұйымының атауы қағанат пайда болар уақытта Еуразияда Қара теңізге дейін тараған түрлі түркітілдес тайпалардың зор жиыны үшін ортақ болды» (с. 89).
Егер аргын/аргун сөзі монгол тілінен әлгі он оқ деген мағына беретінін және бұл монгол өзені Аргунмен (аңызға айналған Эргене Кун) байланысты екенін ескерсек, онда (Орта Жүз) Аргун Ордасының Ашинаның бөрілік руымен жетіспейтін саяси байланысы қайта тіріледі. Бұл ру мен Ұлы Жүз Усунь Ордасының және Кіші Жүз Алшин Ордасының байланысы бұрыннан белгілі. Сөйтіп, тек қана ежелгі монгол баариндік уйшиндер емес(уйсун) және мангуттык алшиндер емес (алшун), телес арғындары да алашы Алаша ханмен аңыздық байланыста болып шығады. Соңғыны Абулгази мен Рашид ад-Дин «татар мен монголдардың арғы атасы» десе, Шәкәрім өзінің әйгілі шежіресінде Улуг Еркин қытайша Бай Егу (Ұлы Ер) жөніндегі орхон-енисей жазуларын негізге алып, арғындарды ежелгітүркі хойху немесе хо-хо, яғни, арбалы, көшпелі ұйғырлардың ұрпағы санайды. Және де Шәкәрім Жошы және Шағатай ұлыстары құрамындағы Аргынот/Ариканут жөнінде білген. Гумилевқа еріп Әкімбеков телес тайпалары арасында «уйғыр, бугу, тонгра және байырку (бай егу) және сеяньтоларды атайды, сонымен бірге, 646 жылы көшпелі ұйғырлар Монголияда билеуші күшке айналды деп атап өтеді.(сонда, 96–97 б.). Бірақ Әкімбековтің Ашина руының этникалық байланыстары жөніндегі пікірінен гөрі, оның «Түркі қағанаты ыдырағаннан кейін… тарихта енді түрк тайпасының өзі қалмаса да, оның барлық түркітілдес