Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
тек қана қара бояумен көрсететін көне жылнамалардан цитата келтірумен мәз. Және де бұл жылнамалардың авторлары православие монахтары болғанын және бұл жағдай, әрине, олардың көзқарастарына идеологиялық сипат беріп отырғанын есепке алмайды. Ал православиеге өткен қыпшақтарына жылнамашылар зор құрметпен қараған, олардың әкелерін тек «кәпір кощейлер», «қотыр төбеттер» деп атаса, әлгілерді Юрий Кончакович, Данила Кобякович деп өзіне тартып атаған. Ал орыс княздарының көбісі әлде де пұтқа табынушы еді және өздерінің адал одақтастарының діни бағытына онша мән бермеген. Сондықтан княздар теремдерінде қыпшақ ханшайымдары өзге шетелдіктерге қарағанда бәрінен де көп болатын. Және егер бізге қатып семген мұсылмандық Хорезмде шах Мухаммедтің шешесі далалық Туркан хатунның қандай беделі болғанын білсек, онда біразырақ либералды көне орыс қоғамында половчанкалар одан да зор маңызға ие болған ғой дейміз. Және де қыпшақтардың грузиндерге селжүктерге қарсы соғыста көмектескенін, олардың печенегтер қаупінен Византияны қорғағанын һәм венгрлер мен поляктар Руське кіргенде қыпшақтардың Русьті қорғағанын естен шығармау керек». Қайта басылып отырған кітаптың авторы қыпшақ тайпалар одағының негізінде казактар болған, өйткені қыпшақтар:

      1) ауылдарымен көшкен (экономикалық тұрғыда),

      2) (саяси тұрғыда) қыпшақ тайпалар одағын тұтастаған әскери жасақ болған (орда жанында); және Русь пен Хорезмді өзіне бағындыруға тырысқан, немесе оларға шекаралық күш ретінде қызмет етуге талпынған әскери қатпар болған (мәдени-тұрмыстық тұрғыда).

      Одан әрі Р. Темиргалиев былай деп жазады: «XII–XIII ғғ. Шектен асу. Дешті Қыпшақта бітпейтін өзара қырқысу басталады. Пассионарийлардың саны көбейіп, олар бір-біріне кедергі жасайды. Русь тарихы жөніндегі ғылыми және көркем шығармаларда половцыларды көбінесе өте ұйымшыл және біртұтас көпшілік ретінде суреттейді, бірақ бұл кейде шындыққа келіңкіремейді, өйткені қыпшақтар арасындағы ішкі қырқыстар орыстардікінен көп болмаса, аз емес еді. Міне, сондықтан, туысқандары күн көрсетпеген көптеген қыпшақтар ата мекенінен Хорезмге, Кавказға, Русьқа және өзге елдерге қашады, сөйтіп, олар мамлюктерге, гулямдарға және берендейлерге айналады. Осындай жағдайларға байланысты монголдар қыпшақтарды оңай жеңді…Монголдың жаугершілігі, тарихта мұндай нәрсе бола береді, ол жүзеге асқаннан кейін біртұтас мемлекеттің пайда болуына әкелді… Алтын Орда… Қыпшақ тілі халықаралық статусқа ие болады және мысалы «Үш теңізден асып жүру жөніндегі повесте», «Соғыс және бейбітшілік» романында француз тілі қалай пайдаланылса, ол да сондай оп-оңай пайдалынылады.

      XIV–XV ғғ. Жарықшақтану.

      Өзара қырылысу арқасында және сырттан келген зор соққылардан кейін далалық империя көптеген ұлыстарға ыдырайды. Олардың арасында Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Өзбек хандығы, Қазақ хандығы шығады… Бұл мемлекеттердің әлде де біраз күші бар, бірақ бәсекеге қабілеттілердің әлемдік рейтингіне


Скачать книгу