Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
тағы да ру-тайпалық сипатқа көшкен. Казактар өздерінің атауларын өзгертсе де, әрқашанда Шыңғысханның руы мен заңының билігінде қалған. Монголдан кейінгі дәуірде қазақ даласын қыпшақтікі деп атау өте шартты, ал ежелгі монгол руы мен тайпаларының түркіленуі жөнінде сөз қозғау артық кету болады. Негізі, қыпшақтардың кимактардан, телеуіттерден және казактың өзге көшпенділерінен өзгешелігі —олар Еділдің батысында және Сырдарияның оңтүстігінде жартылай отырықшы боп өмір сүрген. Монголдар қыпшақтар ақсүйегі Ел Бөрі руын жойғасын, қыпшақтар, ежелгі татар тайпалары сияқты, жүздіктерге таралып, дербес саяси, демек, этникалық (Ұлы Дала мәдениетiндегі) биліктен айырылған.
Сөйтіп, XVI ғ. басында өзге халықтарша бөлінбейтін біртұтас ұлт ретіндегі көшпелі қазақтың қалыптасуы басталды емес, бітіп үлгірді. Қазақтардың «халық-мемлекет» ретіндегі елдердің барлығы саяси тайпалар болды және өзге бөліктерге бөлінген жоқ (айрықша елдердi құрамаған). Өйткені олардың бүкіл мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері ежелгі монгол суперэтносының өмір дағдысынан мұраланған еді. Оны айтасыз, әлгі мәдени-тұрмыстық ерекшеліктер тіпті ежелгі түркі суперэтносына да тән еді, егер ежелгі түркілердің қаны бір, туыс ру-тайпаларға бөлінетінін ұмытсақ.
Сөйтіп, XVI ғ. казактар нағыз қазақтарға айналып, өздерін жартылай отырықшы украин және орыс казактарынан тарихи жолы мен өмір салтында ұқсастық болса да, бөлек санады. Нағыз орыс казактары «ордалықтар» («ордынские») Русьтың тек оңтүстік шетінде емес, барлық жерде Алтын Орданың ежелгі монголдарынан, «татар» казактарынан шыққан. Және Мәскеу Русін қорғау қызметіне олар татар-монгол езгісінен азатталғаннан кейін тұрған.
Қазақтар құрамында қазаққа өз атын беретін рубасы, немесе тайпалар болған емес. Бұл қазақ этносының жастығы жөнінде емес, оның таза әлеуметтік арқылы құрылғанын айтады. Қазақ хандарының Могулистанға көшіп кетуі көшпелі өзбектердің казак деп қайта аталғанына мегзейді. Еркін болмыстың әлеуметтік статусы ежелгі монголдарда болған және көшпелі қазақтарда толығынан этникалық ерекшелікке айналған. Бұл әбден-ақ заңды, егер этнос негізінде туысқандық, нәсілдік, антропологиялық ерекшеліктерін емес, әлеуметтік қоғамдастықтың өмір дағдысын, мінез-құлқын және өзге де мәдени-тұрмыстық қасиеттерін алсақ. Өйткені әлеуметтіліктің этнос болмысына қазір кіргені сонша, өзге теориялар сын көтермейді. Сөйтіп, бізде қазір мода боп кеткен казак, киргиз-казак, немесе кайсак сөздерін қазіргі орыс сөзі казахқа ауыстыру дағдысын мүлде қабылдауға болмайды, өйткені ол қазақ этнонимінің тарихына, этимологиясына, семантикасына қайшы.
Қазақтың шаруасы, ежелгі монголдың карачуі, сияқты қатардағы көшпенді, барлық жеке және дүниелік жекеменшігіне құқықтары бар заңды ерікті тұлға, бірақ нағыз казак ретінде ол, әлдеде қолданылып келе жатқан Шыңғысханның заңы бойынша, әскерге шақырылатын және қару ұстауға міндетті еді. Өйткені қаруы болмаса ол халық жиындарында дауыс бере алмайтын. Бір сөзбен