Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы». Николай Лустов

Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - Николай Лустов


Скачать книгу
Қазақстан» бағдарламасында елімізді цифрландыру инновациялық экономика құру, 2050 жылы 30 дамыған елдің қатарына кіру және адамдардың еңбек күшін дамыту құралы ретінде қарастырылды [1], ал балалардың өз жасына сай ақпаратты алу және тасымалдау құқықтарын іске асыруға байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттардан қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы» реттейді [2]. Бұл заң нормаларын білу және орындау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде аса маңызды. Осы ретте, әлеуметтік желілер жасөспірімдердің физикалық және рухани денсаулығына тікелей әсер ететінін ерекше атап өтсек болады. Бүгінгі таңда жасөспірімдер әлемін гаджеттерсіз және әлеуметтік желілерсіз елестету мүмкін емес. Бұл технологиялар жастар үшін коммуникацияның, бос уақыттың және өзін-өзі көрсетудің негізгі арнасына айналды. Алайда, жасөспірімдердің гаджеттер мен әлеуметтік желілерге тәуелділігінің артуы оларды қолданудың ықтимал салдары туралы сұрақтар туғызады, әсіресе өзін-өзі бағалау мен тұлғааралық қатынастарға қатысты. Гаджеттер мен әлеуметтік желі жасөспірімдердің психологиялық жағдайына, олардың өздері туралы түсініктеріне және басқалармен қарым-қатынасына қалай әсер ететінін қарастыратын боламыз.

      Қазақстандық зерттеушілер, оның ішінде әлеуметтік психология, педагогика және әлеуметтану саласындағы мамандар өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, психикалық денсаулық, әлеуметтік желілердегі жасөспірімдердің мінез-құлқы, контенттің тұлғалық дамуға әсері және тағы басқа аспектілері зерттелуде. Ә.Қ.Нұржанова әлеуметтік желілердің Қазақстандағы жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы мен психикалық денсаулығына әсері туралы зерттеулер жүргізді. К.С.Оспанова жасөспірімдер арасында виртуалды тәуелділік мәселесін зерттеді. Ол әлеуметтік медианы белсенді пайдалану жасөспірімдердің нақты қарым-қатынас пен жеке байланыстарға деген қызығушылығын жоғалтқан кезде тәуелділікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ә. М. Дәулетова жасөспірімдер арасында кибербуллинг мәселесімен айналысқан. Ол өз еңбектерінде кибербуллингке ұшыраған жасөспірімдердің депрессиядан, мазасыздықтан және оқуда қиындықтардан жиі зардап шегетініне назар аударады.

      Әлеуметтік желі бүгінде жасөспірімдердің өмірінде шешуші рөл атқарады, олардың дамуына оң және теріс әсер етеді. Олар жасөспірімдерге бірнеше бағыт бойынша мүмкіндіктер береді:

      1. Жасөспірімдер әлеуметтік желілер арқылы өз ойларымен, шығармашылығымен, қызығушылықтарымен және көзқарастарымен бөлісе алады, бұл оларға пікірлес адамдарды іздеуге және қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге көмектеседі.

      2. Жасөспірімдік шақ тұлғаның өз жеке басын қалыптастыратын кезеңі. Осы шақта әлеуметтік желі өзін-өзі тану және қоғамда өз орнын табу құралына айналады.

      3. Өзін оқшау сезінетін жасөспірімдер үшін әлеуметтік желі қолдау көзіне айналады [3; 4 б.].

      Дегенмен, оң аспектілердің артында тәуекелдер де бар. Бұл виртуалды орындар өзін және басқаларды қабылдауға әсер етеді, сонымен қатар шындықтан алыс болуы мүмкін белгілі бір мінез-құлық


Скачать книгу