.

 -


Скачать книгу
мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңдекке қатынасы да маңызды болады. Міне, осы адамның еңбек әрекетінің негізгі мотивтерін құрайды.

      Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық пен көркем шығармашылықтың артуының факторы болды. Адам іс-әрекеті – ол өте күрделі көп қырлы құбылыс.

      Еңбек ету – өзіңді әрекетте көрсету. Еңбекте де, адамның шынайы іс-әрекетіндегі сияқты оның тұлғасының барлық жақтары мен көрінестері қатысады. Әрбір еңбек өзіндік күрделі техникасы болады және оны меңгеру қажет. Сондықтан білім мен дағды еңбекте маңызды рөл атқарады. Білім мен дағды болмаса, ешқандай еңбек болмайды [3].

      Еңбек үстінде адам қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын қалыптастырады. Еңбек үстінде өзіне – өзі қызмет ету қабілеті, тәжірибелік іскерлігі, дербестігі, икемділігі, қарым – қатынас ережелері, ынтасы мен тапқырлығы шыңдала түседі.

      Ғылымда жалыпй кәсіби іс-әрекеттің жетекші түрі деген ұғым бар. Белгілі бір жас кезеңіндегі бала психикасында, оның психикалық үрдістерінде және тұлғаның психикалық қасиеттерінде басты, маңызды өзгерістер тудыратын іс-әрекет түрін жетекші дейміз. Еңбек психологиясы – еңбек іс-әрекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясының обьектісі – индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларындағы әрекеті. Еңбек іс-әрекетінің ерекшеліктері төмендегі мәселелер қарастырады:

      – кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің ерекшеліктері (оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы, мамандықтың жіктелінуі және тб.);

      – еңбектің қауіпсізідігне, сенімділігіне, құндылығына адамның индививдуальды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;

      – адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби дайындық, бейімделу);

      – еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоционалды қысым, стресс және тб);

      – адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;

      – жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі инженерлік-психологиялық қамтасыздық (жоба, бағалау) [4].

      Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның екбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің


Скачать книгу