Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы». Николай Лустов

Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - Николай Лустов


Скачать книгу
Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады. Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субъектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталады да, ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі «Мен» бейнесінде қалыптасады [1,79—82 бб]

      Өзіндік сананың табиғаты жайлы, оның қалыптасуы, қызметі мен механизімдері жайында А.Н.Леонтьев қарастырған. Оның айтуынша, өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің) мөлшері олардың жағдайды эмоциялық-когнитивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады. Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл – адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы. С. Л. Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе, өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі. Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты. Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды, алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды. Сондай-ақ С. Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады. Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады. Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әрекеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады. Өзіндік сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады [2,150—155 бб]. Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылым болып табылады. Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады.

      В. С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:

      – өзінің ұқсастығының санасы;

      – өзінің «Менінің» санасы;

      – өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы;

      – өзінің әлеуметтік-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.

      И. И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:

      – өзін-өзі тану;

      – өзіне деген эмоциялық – құндылықты қатынас;

      – тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу.

      Бұл аталған компоненттер И. С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас келеді. Оның пікірінше, «Мен» бейнесі —бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан, 3 компоненттен тұрады:

      – танымдық


Скачать книгу