Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы». Николай Лустов
ұлтты ерекшелейтін белгісі ол сол халықтың тілі мен мәдениеті екенін де айтқан. «Мәдени қауым болмаған жағдайда, ол тек белгілі бір нәсіл ғана болып қалады әрі ол ешқашан ұлт бола алмайды» деп жазған екен Бауэр.
Ұлт – бұл өзінің шығу тегімен, тілімен, территориясымен, экономикалық жағдайымен сондай-ақ қауымдағы олардың этностық санасы мен өзіндік санасынан көрінетін психикалық құрылымы мен мәдениеті арқылы сипатталатын адамдардың ерекше тарихи қауымы.
Ұлттық қатынас көптеген кешенді сипатқа ие. Қатынасқа түсуші субъектілер өздерінің этностық санасы мен өзіндік санасын, сонымен бірге өздеріне тән сезімдері мен ақыл-ойларын жария еткендіктен белгілі бір шамадағы бай рухани мазмұнға ие болады. Осы кездерде кей жағдайда әр түрлі иллюзиялар адасулар және аңыздар да көрінеді. Бұл-халықтар арасындағы ұлттық-этностық қатынастарының көріну ерекшеліктерінің бірі [26,131б].
Этностық өзіндік сана адамдардың бірлескен ұзақ тіршіліктерінің үрдісінде әрбір топтың аймағында бір топты екіншісінен ерекшелейтін жалпы ортақ әрі тұрақты белгілері қалыптасты. Осындай белгілерге тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, сол халыққа немесе этносқа тән салт-дәстүрлері жатады. Бұл белгілер халықтың этникалық сана сезімінен көрінеді. Халықтың этностық өзіндік сана ерте ме, кеш пе, оның шығу тегіне белгіленіп, салт дәстүрлерінен, өзінің басқа халықтар ішіндегі орнын белгілеп білуінен, яғни өзінде өзіндік сана көріне бастайды. Этностық өзіндік сана субъектінің өзінің этностық қауым ретіндегі ұғынуынан да көрінеді. Өзін қандай да бір этностық топтың мүшесі екенін сезіне отырып, адам жалпы қоғам алдындағы қорқынышын жойып өзін сенімді ұстайды. Тұлға деңгейіндегі этностық өзіндік сана. Жекелеген адамның этностық «Мен концепциясы» – өзіне белгілі, өзінің этносы бейнесімен тығыз байланысты өзі туралы көзқарастарының тұтастай жүйесі болып табылады [26,131б].
Адамның этностық «Мен бейнесі» оның жалпы «Мен концепциясының» құрлымының біреуі болып табылады. Ол мыналардан тұрады:
– ол мыңдаған және миллиондаған этностардың ішіндегі өз этносының бір өкілі екендігін елестету (көзқарасы);
– осы этностың көптеген басқа өкілдерімен өзіне тән қандайда бір физикалық және психикалық қасиеттері туралы елестетуі көзқарасы (мысалы: белгілі бір физикалық, антропологиялық белгілері: көзінің түсі мен формасы, мұрнының формасы, бойы, терісінің түсі және т.б.;
– ең бастысы сол қауымға, оның мүшелеріне ұқсау, эмпатия сезімі мен туысқандық сезімінің болуы.
Э. Эриксонның тұлғаның даму теориясынан белгілі болғандай, адамдардағы «Менінің» ұқсастық сезімі 18—20 жасында қалыптаса бастайды. Адам ондай даму деңгейінде өзінің кім екендігін, қай топқа жататындығын, неге талпынатындығын білгенде ғана жетеді. Бұған қарама- қайшы жағдайды Эриксон «Меннің» анықталмағандығы немесе диффуздылығы деп атады. Егер индивидтің жекелік анықталуы дамыған болса, оның кемел жасқа өтуінде еш қиындық болмайды.
Тұлғаның этностық «Мен-концепциясының»