Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы». Николай Лустов
их комбинирования; речь же это использование нашей языковой системы в целях общения». Ф. Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді.
– Тіл – әлеуметтік, ал сөйлеу – жеке құбылыс («язык – социален, а речь – индивидуален»).
– Тіл – тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу – тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады.
– Тіл адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын процесс, ал сөйлеу, әркімнің өзі дамытып отыратын процесс.
– Тіл адамның қарым – қатынасында негізгі және бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтанбасы болады.
– Тіл психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психофизиологиялық құбылыс.
Осылайша, тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, олардың өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді: «язык и речь тесно связаны между собой и предполагают друг – друга: язык необходим для того, чтобы сложился язык».
Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді – бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал тілінің дамуы – баланың бойында қабылдай – ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады 4.
Әдеби шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда мына жағдайларды өте мұқият ескеру керек:
1. Әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған байланысты педагогтың да жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт. Шығарманың лайықтысын ғана алу керек.
2. Ана тіліне арналған жоспар 14—15 күнге лайықталады. Жоспарда қандай шығарма оқылуы керек, оған байланысты бақылау жұмысы, суреттер, ойындар нақты көрсетіледі. Әрбір ойынның мақсаты белгіленеді (білімін бекіту немесе сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру сияқты).
3. Оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын болсын. Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар.
4. Көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, суретті көрсету арқылы (сәбилер үшін) әңгімелеседі. Соңынан шығарманы оқып береді. Ересек балаларға шығармаға байланысты қажетті суретті шығарма оқылған соң берген дұрыс. Өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет көрсетілсе, балалардың бар ынтасы