Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы». Николай Лустов

Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - Николай Лустов


Скачать книгу
руководством учителя помогает им овладеть элементарными методами науки и приёмами самостоятельной работы. Разрешение системы проблемных ситуаций приучает школьников к умственному напряжению, без чего невозможна подготовка к жизни, к труду на пользу общества.

      Асанова Н. Б., Абдешова Л. Т.

      КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР АРҚЫЛЫ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ

      (Тараз қ. Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы)

      Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады.

      Тіл-тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс- тәжірбиесі мен даналығы бар. Санының аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнеленген. Тіл —оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірініңжаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.

      М. Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді, «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр». Сонымен, тіл – адам қоғамының рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым-қатынас қызметін атқаратын, ой қаруы болып саналатын аса құнды құбылыс. «Тіл – адамдық белгісі, жұмсайтын қаруының бірі».

      Оқу – тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі дағдылар қалыптастыру болып табылады. Дағды адам әрекетінің қай- қайсысынада да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының нәтижесінде адам санасы қызметті түпкілікті, шешуші кезеңдерінде жұмылдырылады. Бұл жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді. Тіл дамытудың мазмұны мен салалары [1]. Коммуникативтік (қарым-қатынастарды зерттейтін) лингвистика саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелері тіл дамытудың көптеген теориялық және практикалық мәселерін, оның ішінде ең алдымен тіл меңгертудің мазмұнын жаңаша құру қажеттілігін көрсетуде.

      Қазіргі тіл білімі күні бүгінгі дейін лингвист зерттеушілердің назарынан қағыс қалып келген адамдардың тіл саласында қызметі. Тіл арқылы қарым-қатынасқа түсуі, коммуникативтік және танымдық мәні бар міндеттерді ойдағыдай шешуде, өзара түсінісуге септігін тигізетін тәсілдер мен құралдарға ерекше көңіл бөлуде.

      Тіл дамыту —ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі, бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиетке ғана болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тікелей тәуелді.

      Тіл мәдениетінің негізгі


Скачать книгу