Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова

Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова


Скачать книгу
сәйкес болуға тырысады. Олар өз жеткізушілерімен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынаста болуды қалайды, себебі олардың есебінен жылдан-жылға құрама бұйымдардың сапасы мен беріктілігін жақсарту, компоненттердің уақытылы жеткізілуі мен қоймаларды ұстап тұру бойынша шығындарды қысқартуды қамтамасыз ететіндігіне сенеді. АҚШ және Еуропа елдеріндегі жеткізушілермен қарым-қатынасы қысқа мерзімді сипатқа да ие болуы мүмкін, өйткені олар әрқашан тиімді баға мен оңтайлы жеткізу шарттарын ұсынатындарды таңдайды. Сондай-ақ жапондық менеджменттің ұжымдық шешім қабылдап, көпшілік ойымен келісу ерекшелігі мен америкалық менеджменттің индивидуализмге негізделуі де рөл атқарады. Сондықтан да егер, бір жапондық пен бір америкалық менеджер сынға түссе, америкалық менеджер жеңіске жетеді, ал керісінше бес-бестен бетпе-бет кездессе, америкалықтар ұтылады екен.

      Мәселен, Samsung компаниясының бизнес философиясы мынадай сөйлемге негізделген: «Біз әлемді жақсартуға қабілетті өнімдер мен қызметтер өндіру үшін дарынды қызметкерлеріміздің еңбегі мен озық технологиямызды қолданамыз».

      Тәуекелге деген қарым-қатынас

      Тәуекелге бармайтындар тәуекел деңгейін төмендететін және қысқа мерзімде пайда алуға мүмкіндік беретін консервативтік стратегияны таңдайды. Ал тәуекелшіл менеджерлер келешекте ұзақ мерзімді үстеме пайда алуға жол ашатын тиімді стратегияны қолданады. Олар әрқашан бизнестің жаңа түрлерін іздейді, инновациялар игереді және ескі стратегияға қарағанда жаңа стратегиялық шабуылды қалайды. Менеджердің құндылық бағдары стратегияның этикалық мазмұнын құрайды. Этикалық пікірі қалыптасқан менеджерлер компанияның этикалық нормалар кодексінен ауытқымау үшін барлық жолдарды қарастырады. Олар пара беру немесе алу секілді шараларға, бәсекеге қатысты әділетсіз әрекеттер және саяси көшбасшыларды параға сатып алуға қарсы. Этикалық нормаларға немқұрайлылық, мысалы несие картасы бойынша овердрафт үшін тыс айыппұлдарды есептеудегі әрекеттер, қауіпсіз өнімдерді сату және жарнамалау, денсаулыққа зиян ингредиенттерді өндіру кезінде қолдану бола алады.

      Компания құндылықтары мен мәдениеттерінің стратегия таңдауға ықпалы

      Ұйым ішіндегі дәстүрлер, көзқарастар, қарым-қатынас, жұмысты орындаудағы қалыптасқан әдістер компания мәдениетін құрайды. Компанияның стратегиялық әрекеттері мәдени және басқарушылық құндылықтарын көрсетеді. Кейде көзқарастар мен мәдени құндылықтар стратегиялық қадамдарды таңдау кезінде үстемдік етеді. Олар менеджердің санасына енетіндігі соншалық, ұйым қоршаған орта жағдайына қалай әсер ететіндігінің айқындаушы факторы болады. Мәдени құндылықтардың мықты әсері үнемі нарыққа жаңа өнім ендіретін, жоғары сапалы технология негізінде өз клиенттерінің сұраныстарын толық қанағаттандыру барысында және адам факторына бағдарланатын компанияның қызметтерінде көрсетіледі.

      Соңғы жылдарда көптеген компаниялар бизнес жүргізудің негізіне адам қүндылықтарын жатқызады. Мысалы, компаниялардың бірі өзінің қүндылықтарын


Скачать книгу