Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова

Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова


Скачать книгу
ету, компанияның дамуын көздеу үшін ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерге жол бермеу, жеке бастамалар мен үсыныстарды қолдау, топта жұмыс істеу, корпорацияға адал қызмет ету».

Бақылау сұрақтары

      1. Стратегиялық менеджмент мәні мен стратегияның қазіргі заманғы түсінігін ашып көрсетіңіз.

      2. Стратегиялық басқарудың мазмұны және оның ұйымды басқару жүйесіндегі орнын анықтаңыз.

      3. Стратегиялық басқарудың қажеттілігін көрсететін негізгі факторларды атаңыз.

      4. Стратегиялық басқарудың мәні мен мазмұнын ашып көрсетіңіз.

      5. А.А. Томпсон және А.Дж. Стриклендтің айтуынша, менеджердің компания стратегияларын құрастыру және жүзеге асыру үдерісімен өзара байланысты негізгі бес міндетін сипаттап беріңіз.

      6. Ұйым стратегиясын құрастыру үдерісінің кезеңдерін сипаттаңыз.

      7. Бизнес бірліктердің негізгі және қосалқы артықшылықтарын сипаттаңыз.

      8. Бір бизнес түрін жүргізу стратегиясының ерекшеліктері және артықшылықтарын салыстырып талдаңыз.

      9. Бизнес бірліктер үшін стратегаяны дайындау пирамидасын сипаттап беріңіз. Корпорациялардың даму стратегиясы ерекшеліктерін атап айтыңыз.

      10. Корпоративтік диверсификация логикасын ашып айтыңыз.

      2. ҰЙЫМ СТРАТЕГИЯСЫН ҚҰРАСТЫРУ

      2.1. Ұйымның қызмет түрін анықтау үдерісі

      Ұйымды стратегиялық басқару менеджер жұмысының шеберлікке айналған жоғары деңгейі деп көп айтылады. Шындығында, әлем тәжірибесі көрсеткендей бизнес-стратегке табысты тек шеберлік, ұқыптылық, қатаң есептілік, алға ұмтылу мен тұрақтылықты сақтап тұру қабілеті ғана әкеле алады.

      Әдетте компания стратегиясын құрастыру үдерісіне қатысты жоғары басшылықтың қарастыратын негізгі сұрақтары мынадай болып келеді:

      • Біз өз компаниямызды болашақта қандай болады деп есептейміз?

      • Не істегелі жатырмыз? Не өндіреміз, не сатамыз?

      • Неге қол жеткізгіміз келеді?

      Бұл сұраққа нақты әрі негізделген жауап беру үшін менеджер өз компаниясының бүгінгі күнгі және болашақтағы қызмет сипатын, сондай-ақ алдағы 5-10 жылдағы қажеттіліктерін ойластыра алуы тиіс. Оның «Біз кімбіз, не істейміз, қайда бағыт алдық?» деген сұраққа берер жауабы ұйым жүзеге асыра алатын және көшбасшылық пен даралыққа ие болуға көмек беретін бағдар болуы тиіс. Компанияның атқаруға жоспарлаған шаралары, жалпы алғанда, компания миссиясы болып табылады. Менеджер миссияны алға қоя отырып, компанияның қызмет саласын, сондай-ақ өз клиенттеріне ұсынатын қызметтерін анықтайды. Ол бұларды стратегиялық тұрғыдан ойластыру қажет. Мұның бәрі компанияның ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасын әзірлеумен қатар жүріп отыруы тиіс. Өз компаниясының менеджерге көрінген нарықтағы орны стратегиялық болжам болып табылады. Миссия мен стратегиялық болжамды дамыта және жария ете отырып, қызметкерлерді мақсаттың мәнімен таныстырып, болашақ даму бағытын түсіндіреді.

      Әрине, ұйымның қызмет


Скачать книгу