Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
көтерілісі басылғаннан соң Жанқожаның көзін құрту үшін жазалау отрядын жібереді. 1860 жылы Қызылқұмдағы Джакаринское өзеніне жақын аймақта жазалау отряды Жанқожа ауылын қоршап алады, 80 жастағы батырды өлтіреді, ауыл тоналып, 130 түйе, 115 жылқы, 210 ірі қара, 2234 қой айдап әкетілді.
Арал бойындағы қазақтардың көтерілісі жергілікті халық қозғалысы болды, бұл көтеріліске отаршылдық езгіге қарсы қазақ руларының көптеген бөлігі қатысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Мирослав Хроха еңбегі (Ориентация в типологии. – Прага, 1996) бойынша Қазақстандағы ұлттық қозғалыстар фазаларын ашып көрсетіңіз.
2. Ресей империясының джадидтік қозғалысының негізін қалаған Исмайл бей Гаспринскийдің негізгі идеяларын талдаңыз.
3. ХХ басындағы Ресей империясы түркі халықтарының этникалық санасының дамуындағы ұлттық тілдердегі мерзімді басылымдар («Қазан мухбире», «Вакт», «Хаят», «Шуро», «Айқап», «Қазақ» және т.б.) рөлін ашып көрсетіңіз.
4. Ресей империясы түрік-мұсылман халықтарының ұлттық қозғалыстарының дамуындағы мұсылман съездерінің (1905-1907 ж.) рөлін көрсетіңіз.
5. ХХ ғасыр басындағы тарихи әдебиеттің даму ерекшелігін талдаңыз (Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз һәм қазақ хандары шежірелері. – Орынбор, 1911; Валиди Дж. Түріктер мен татарлар тарихы. – Қазан, 1912).
6. Мұсылман қамқорлық көрсету қоғамдары қызметінің бағыттарын айқындаңыз: өзара көмек пен өзара ықпалдасу формалары.
§ 6. Қазақ жерлерін отарлаудың аяқталуы
Мәселенің тарихнамасы: жаңа ұстанымдар және салыстырмалы талдау. Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылу мәселесі тарихнамасының қалыптасуы мен дамуы туралы сұрақтарды зерттеу өте маңызды жағдайға – ХVIII-ХІХ ғ. басында әр түрлі жоспарлы, көп аспектілі ғылыми зерттеулердің жиналу және дайындалу үдерісінің қарқынды түрде жүргендігіне зерттеушілердің назарын аудартады. Қазақстан және Орта Азия халықтарының (қазақтардың, өзбектердің, қырғыздардың, түрікмендердің, қарақалпақтардың, тәжіктердің) тарихының тарихнамасы мәселелері бірбірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бір-бірінен бөліп оқыту методологиялық жағынан дұрыс емес және логикалық жағынан ақталмайтын еді46. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының тарихнамасы ұзақ және күрделі даму жолынан өтті. Тарихнамалық зерттеудің дамуы бүкіл кезеңінде бір-бірінен мазмұны мен бағыты бойынша айрықша теориялар мен концепциялар әр түрлі деңгейде зерттеліп отырған мәселеге әсер етті.
Айта кеткен жөн, төңкеріске дейінгі тарихнамада қосылу мәселесінің зерттелуіне сипаттау, фактілерді зерделемей және жинақтамай баяндау тән. XVIII-ХХ ғ. басындағы тарихнамада Кіші жүз бен Орта жүздің бодандықты қабылдауының үш негізгі себебі айқындалады: сыртқы саяси (қазақтардың қауіпсіздігі), ішкі саяси (ішкі талас-тартыстар), Әбілқайыр ханның жеке мүддесі (билікті нығайту тілегі). Қазақстанның Ресейге қосылуының барысын сипаттауда М. Тевкелев мақсатының орындалу қиындығы ескеріледі. Ол қазақ даласына келгеннен кейін қазақ
46
Ахмеджанов Г Советская историография завоевания Туркестана и установление господства России в Средней Азии // Автореферат диссертации на соискание ученой степени д.и.н. – Ташкент, 1991. – 42 с.