Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Еуропа өркениетінің маңызын және отырықшы мәдениеттің көшпенді мәдениеттен басым екендігін айқын көрсетіп, оны Шығыс өркениетінен жоғары бағалайды. Либералды бағыттың өкілдері қазақ халқының Ресейдің жаулап алуына қатынасы мәселесіне назар аударады (Н.И. Веселовский)53. Жергілікті халықтың тарихын, тұрмысын және шаруашылығын зерттеу мәселесін қояды (А.И. Добросмыслов)54.
Жарияланған материалдардың көпшілігінде арнайы тарихи зерттеулер болмағандығын айта кеткен жөн. Авторлар әлі де тарихта орын алмаған құбылыстар мен жағдайлар туралы жазды. Көптеген мақалаларда фактілік қателіктер кездеседі, өлкенің нақты шынайы тарихында сәйкессіздіктер байқалады және оны өзіне ыңғайлы жағдайда көру мен сипаттауға деген құштарлықты байқауға болады. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижелерін талдай келіп, орыс зерттеушілері бұл жағдай жергілікті халық үшін прогрессивті болған деген жалпы пікірге тоқталады.
ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының еңбектерінен Қазақстанның Ресейге қосылуына қатысты сыни ұстанымда болғаны көрсетіліп, қазақтардың Ресейден мәжбүрлі түрде көмек сұрағаны және отарлау саясатының ауыр салдары айқындалады (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б.)55. Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасының қайтарылуы қазіргі заманғы отандық тарихшылардың концептуалды көзқарастарында көрініс тапты. 1917 жылдан кейін қоғамдық санада отар халықтардың төңкеріске дейінгі тарихына, самодержавиялық Ресейдің саясатына шұғыл сыни тұрғыдан қарау белең алды. Осы хронологиялық кезеңде қазақтың өткенін маркстік-лениндік методологияны меңгерген тарихшылар зерттеуге кіріседі. Авторлар осы уақытқа дейін жазылған барлық еңбекке сыни көзқараста болды. Тарихи құбылыстар аз болғанына қарамастан олар патшалық отарлау саясатының салдары мәселесі қатаң түрде қойылған Ресей империясының бұрынғы отарларының ұлттық тарихын зерттеуге маңызды қадам жасады. Бұл мәселелер 1917 жылдағы жағдайлардан соң, яғни монархия құлатылғаннан, демократиялық еркіндік, теңдік және тәуелсіздік жарияланғаннан кейін қазақ қоғамы жаулап алынған жерлерінің қайтарылуын күткендіктен аса өзекті болды. Осылардың шеңберінде «жаулап алу» және «отар» сияқты терминдер көптеп кездесетін тарихшылардың негізгі еңбектері жазылды. Қосылу мәселесін зерттеуде 1930 жылдары «абсолютті жауыздық» концепциясының көрініс бергендігін анықтады (С.Д. Асфендияров, М. Тынышбаев, П.Г. Галузо)56. Зерттеушілер Ресейдің Қазақстанды жаулап алуында қатал отарлау саясаты мен оның жағымсыз салдарын айқын көрсетеді. Бұл мәселелердің талдануы жеткілікті дәрежеде терең болмады.
Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын әрі қарай зерттеуде қазақ халқының Ресейге қосылуын айқындайтын зерттеу пәнінің нақтылануы мен шынайы факторларды көрсетуі байқалады. Осының нәтижесінде «аз жауыздық» тұжырымдамасы дайындалады. Бұл тұжырымдама Ресей бодандығының ерікті сипатын жоққа шығару ұстанымын сақтай отырып, «жаулап алу» терминінен бас тартады. М.П. Вяткин ұсынған
53
Веселовский Н. Киргизский рассказ о русских завоеваниях в Туркестанском крае. – СПб., 1894.
54
Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. – Тверь, 1902.
55
Букейханов А.Н. Избранное. – Алматы,1995. – 480 с.; Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, 1991. – 381 б.
56
Асфендиаров С.Д. История Казахстана с древнейших времен. – Алма-Ата. – М., 1935; Тынышбаев М. Великие бедствия (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата, 1991. – 264 с.; Галузо П.Г. Туркестан – колония. – Ташкент, 1935. – 225 с.