Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
әскери отрядтарын қоршап, қарсыластарына соққы берді. Кескілескен ұрыста қарсыластардың әскері түгелдей қырылды. Шайқас алаңында 44 сұлтан қаза болды. Шайқас алаңы жақын қалса да айналасын қырып-жойып жіберуден сақтанған Дуниковский отряды сұлтандарға қол ұшын беруден сескенді. 44 сұлтанның өлімі орынборлық және батыссібірлік губернаторлардың ызасын келтірді.

      Бұл шайқаста өзінің ерлігімен көзге түскен Кенесарының інісі Наурызбай батыр болды. Ол қарсыластармен болған шайқаста сауытының тозғанына да қарамастан бірнеше жарақат алып, оннан астам жауынгерді жеңіп, ең қауіпті майдан алаңында ерлік көрсетті.

      1822 жылы туылған Наурызбай Кенесарының ең сенімді кеңесшілерінің бірі болды, оның ерліктері туралы халық арасында «Наурызбай батыр» әні туса, ал «Топ жарған» халық поэмасында батырдың ерлік істері жырланады.

      Кенесары Қасымұлының қолбасшылық өнері бұл шайқаста ерекше байқалды, барлау әрекеттерін сәтті ұйымдастырып, өз әскерлерін қоршаудан шығарып, сырттан орап алу тактикасын қолдана отырып, қарсылас жауын түпкілікті қырып-жойып, орынборлық және сібірлік әскерлердің бірігуіне жол бермеді.

      1844 жылдың жаз айының басында Кенесары жорықтары жалғаса берді. 14 тамызда Наурызбай мен Ағыбай батырлар бастаған отрядтар Екатеринский бекінісін қоршауға алып, бұл шайқаста 100 жауынгер шамасында тұтқынға алынды және үлкен олжаға, әсіресе 1847 пұт астыққа кенелді.

      Орынбор және Сібір губернаторлығы шайқастың ушығуынан сақтану мақсатында Дуниковский, Жемчужников және Жантөрин отрядтарымен бірге қосымша Ковалевский отрядын да аттандырды. Бұл кезде Кенесары әскерімен бірге Мұғалжар тауына бекініп, Орынбор губернаторлығымен әскери тұтқындарды алмастыру жөнінде хат жазысады. Шөл дала мен құмды аймақта шайқас жүргізудің қиыншылықтарынан зардап шеккен орыс отрядтары Кенесарымен шайқаста ешбір нәтижеге қол жеткізбегендіктен, Орынбор мен Омбыға қайта шегінеді.

      Патша үкіметі Кенесары қолының табандылығы қазақ халқының қолдау көрсетуінде екенін ескере отырып, көшпенді қазақтар арасынан қолдау табу шараларын жүргізуді қолға алды. 1844 жылы осы мақсатта шекара аймақтарына 1831 жылдан бастап енгізілген дистанциялық жүйе Орынбор ведомствосының барлық территориясына, яғни Кіші жүз бен Орта жүздің батыс аудандарына кең етек жайды. 1844 жылдың 14 маусымында барымта, жаулап алу мен маңызды әскери сотта тұтқындалған орыстар туралы ереже бойынша өзгерістер енгізілді. Патша үкіметі жаңа заң негізінде Кенесарыға қолдау көрсетіп келген қазақтарға үрей туғызғысы келді, алайда бұл әрекеттерінен де ештеңе шықпады, керісінше, олардың наразылығы басым түсті. Ережені енгізу арқылы қазақтардың қарсылықтары күшейді. Сондықтан да ол әрекет іске аспады.

      Бұл кезде бұхарлық және хиуалық хандар жасақтың орналасқан жерін қалай да жаулап алуға ұмтылды. Бұхарлық хан Кенесарыға 60 мылтық, 15 зеңбірек және соғыс снарядтарын, хиуалық хан 15 арғымақ, 2 алтынмен қапталған ертоқым, 2 зеңбірек пен бірнеше


Скачать книгу