Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
жасағын құруға мүмкіндік туады. Орынбор генерал-губернаторлығы Кіші жүз территориясындағы Исатай Тайманұлының көтерілісін басып-жаншуға жаңа отрядтар жібереді.
1838 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ пен Қиыл өзенінің арасында подполковник Геке басқаруымен қанаушыларға қарсы қақтығыс өтті. Қарсылас екі жақтың әскери күші тең болмады, көтерілісшілер аяусыз басып-жанышталып, Исатай Тайманұлы қаза болды. Қозғалыс басылғаннан кейін далада жасырынған көтерілісшілердің кіші топтары қатаң жазаланады. Олардың көпшілігі соққыға жығылып, каторгалық жұмыстарға жіберілді, мүлкінен айырылып, өзге аймақтарға қоныс аударылып жіберіледі. Махамбет Өтемісұлы қозғалысы жеңіліске ұшырағаннан кейін далада жасырынып, біраз уақыттан кейін хан мен шенеуніктерге қарсы халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Алайда Махамбет 1846 жылы қазанда жау қолынан қаза болады.
Исатай мен Махамбет бастаған қозғалыстың негізгі қозғаушы күші жергілікті көшпенді халық болды. Көтерілісшілер арасында өзара бірліктің болмауы, көтерілістің стихиялық сипат алып, нақты жоспарлы түрде орындалмауы, ұйымдастырушылықтың жеткіліксіздігі көтерілістің жеңіліске ұшырауына басты себеп болды.
1837-1847 жылдардағы Ке несары Қасы мұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. XVIII-ХІХ ғасырларда орын алған ұлтазаттық көтерілістердің арасында көлемі жағынан ірі көтеріліс Кенесары Қасымұлының бастауымен болып өтті және оған үш жүздің де қазақтары қатысты. Алайда олар толыққанды біріккен қалыпта күреске шықпағанымен, біртіндеп көтерілісшілер саны артып, бір ауданнан екінші ауданға ауыса отырып, көтеріліс жаппай халықтық сипат алды36.
Қозғалыстың ерекшеліктері: қозғалыс үш жүзді де қамтып, көтерілісте халық бұқарасының барлық әлеуметтік тобының өкілдері қатысып, көтерілісшілер құрамы өзге де ұлт өкілдерінен тұрды37.
Көтеріліске бұхара халықтың жаппай қатысуы мен көтеріліс аумағының кеңеюі және соған орай нақты саяси сипат танытуы бұл көтерілісті басқалардан ерекшелеп берді.
Бұған дейінгі Орта жүз аумағында болып өткен отаршылдыққа қарсы күрестер қиын жағдайда еді, ол әкімшілік-саяси жаңа ережелер енгізілуімен тұспа-тұс келді. Халық арасында Ресей үкіметінің қазақ халқын тәуелсіздігінен айыру жолындағы барлық әрекеттеріне әр кезеңде екпінді наразылық пен қажырлы күрес көрсету байқалды. Алайда көтерілістер бірікпеген сипат алып, стихиялық түрде өтіп отырды. Бір жүзден шыққан көтерілісшілер екінші жүзден шыққан көтерілісшілерден бөлек және тәуелсіз болуды қалады. Соған орай қаруланған көтерілістер Қазақстанның белгіленген аудандарымен ғана шектелді. Дегенмен алғашқы ұлт-азаттық қозғалыстар патшалық Ресей саясатына қарсы қазақ ұлтының күш біріктіруіне ықпал етті. Бұл жайттар біртіндеп 1837 жылдан 1847 жылға дейінгі аралықты қамтып өткен қазақ даласындағы жаппай қозғалыстың орын алуына ықпал етті.
XIX ғасырдың 30-40 жылдары Кенесары Қасымұлының бастаған ұлтазаттық қозғалыстың басты мақсаты Ресей құрамына енбей қалған
36
Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40-е годы XIX в. – Алматы, 1992. – С. 169.
37
История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. – 3-е изд. – Алматы, 2011. – С. 329.