Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс

Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары - Жомарт Жеңіс


Скачать книгу
Александр Македонскийдiң осы аймақтар мен Үндістанға жорығы бейнеленген.

      Дастанның тарихи бөлiгi Сасан әулетi (220-665) билiгiне арналған. Онда Ардашир, Бахрам Гур, Ануширван, Хосрау Парвиз, Бахрам Чубин сияқты тарихи тұлғалар мен олардың кезіндегі оқиғаларға шынайы баға берiлген. Жыр соңы сасанилер патшасы Яздигердтің өлiмiмен және араб шапқыншылығынан есеңгіреген сасанилер мемлекетінің құлауымен бiтедi.

      Шахнаменiң түпнұсқасындағы түркiлер мен Тұранға қатысты назар аударарлық мәлiметтердi екшелей көрсетсек, оларды былайша топтап көрсетуге болады:

      1. «Шахнамедегi» Тұран мен Иран шекарасы.

      2. Тұрандықтар шаруашылығы және басқа елдермен қатынасы.

      3. «Шахнаме» және түркiлiк дүниетанымы.

      4. Тұранның көршi елдермен қарым-қатынасы.

      5. Тұрандықтардың тiлi мен жазуы.

      6. Тұрандықтардың қару-жарағы мен соғыс өнері.

      «Шахнаме» бойынша Фаридун мен оның ұлдары патшалық еткен тұста Иран-Тұран шекарасы болып Әмудария (Джейхун) бекiтiлген. Екі жақтың осы шекарадан өтуі шекараны бұзған болып есептеледi:

      Чу Лашкар бе наздике Джейхун расид

      Хабар назде пуре Фаридун расид.

      Әскер Джейхунға жеткенде, оның хабары Фаридун ұлына (Наузар) жеттi (өлеңдер мен текстерін аударған – Ж. Жеңіс).

      Немесе:

      Сепохи аз Джейхун су кешид.

      Әскер (тұрандықтар) Джейхун жақтан берi карай өтті.

      Жыр сюжеттерiне сәйкес тұрандықтар шаруашылықтың екі түрімен – көшпелiлiк және отырықшы-егiншiлiктi қатар ұстанған сияқты:

      Рүстем түркiлер даласына келгенiн суреттегенде:

      Дегар суй Серахс ва биобонаш

      Паш гале гаште дар дашт аху ва миш.

      Хаме дашт пор харге ва хейме кешт.

      Серахстың келесi беті – шөл дала, отар-отар қойлар мен маралдар. Дала толы үлкендi-кiшiлi киiз үйлер.

      Жырда тұрандықтардың көшпелi өмірін суреттегенде тағы бiр дәлел Рүстемнің Афрасиабқа:

      Надони ке Иран нешастман аст Джахоне сар сабз зире дасте мен аст.

      Сен Иранды отырықшы екен деме, жасыл желек әлем менің қол астымда.

      Жырдың тағы бiр жерiнде Тұран жерiн бос жатқан кең дала peтінде суреттеп, ирандықтардың бұл жерде қойлар мен малшыларды қырғанын жазады:

      Куджо буд бар даште Турон иле

      Герефтанд бесиор ва котанд низ мавуд аз бад вахт монанде чиз.

      Галедор ва чупоне васи коште шод.

      Тұран елi бос жатқан дала, бұл жерде көп нәрсені алып, көп нәрсе жойылды, жеткiлiктi түрде қойшылар мен малшылар өлтiрiлдi.

      Тұрандықтарда қалалардың да болғаны белгiлi болып отыр. Шахнамеде осындай қалалардың бiрi былайша суреттеледi:

      Чу омад бар он шарестон даете охт.

       до фарсанг боло ва пахнош сохт

       Аз ейвон ва мейдон ва кохе боланд

       Зе полиз ва зе голаш аржманд

      Биорост шахри бесон бехешт

      Бехамун гол ва сонбал ва лоле кашт.

      Алақандай


Скачать книгу