Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс

Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары - Жомарт Жеңіс


Скачать книгу
аймаққа жаңа қожайындардың келуiмен келiсе қоймады. Кутейбадан кейiнгі жаңа әкiм Асад ибн Абдаллахқа (724-727) қарсы Самарқандтағы арабтарға жиi шабуыл ұйымдастырды. 737 жылы арабтарға қарсы түркiлер, Шаш пен Хуттал, соғдылар одақтасты. Бастапқыда олар жеңгенмен, тiптi Асад өз ордасын Балхты тастап, Мервке көшпекшi болды. Бiрақ Харистан түбiндегi кескiлескен шайқаста арабтар жеңiске жетiп, ат-Табаридiң жазуына қарағанда Жетiсуға қашып келген қаған жаңа жорыққа дайындалды. Бiрақ оны Түркеш әмiрi Курсул өлтiрдi. Қаған әскері бытырап кеттi. Батыс қағанат тарады. Iрi қалаларда арабтар әскери гарнизондар салды.

      Соғдылардың арабтармен соғысында түркiлер бiрiншiлермен жаулық қатынаста болса да одақтастыққа барды. Осы аймақ арқылы сауда керуендерi өтетiндiктен түркiлер соғдылықтармен сауда қатынастарына мүдделi болды. Сондықтан түркiлер бұл аймаққа арабтардың келуiн қаламады. Өздерiмен жапсарлас аймақта жаңа дұшпанның болуын қаламаған түркiлер алғашқы араб жаулап алуларынан бастап соғысты.

      Жаңа дін түркілер мен арабтардың бастапқыдағы белсенді, біріккен қарсылықтарына қарамастан аймаққа табысты түрде тарай берді. Өзінің саяси икемділігімен, әлеуметтік тұрғыдағы әмбебаптығымен, идеялық тұрғыда шынайылығымен, ең бастысы саяси-әскери тұрғыда анағұрлым күштілігімен исламның басымдылығы анық байқала бастады. Қарсылыққа қарамастан, Соғды жерiнiң араб халифатының құрамдас бiр бөлiгiне айналу процесi шапшаң жүре бердi. Ирандық зерттеушi А. Бейат исламның жаулап алынған аймақтарда табысты түрде тарау факторларын былайша түсiндiредi: 1) мұсылман еместердiң «джазйэ» төлеуге мiндеттiлiгi; 2) жергiлiктiлердiң халиф сарайына қызметке тартылуы; 3) жергiлiктiлердiң мұсылман көршiлерiмен мәдени, саяси-экономикалық қарым-қатынасқа түсуi.

      Орталық Азиядағы исламның таралып, араб үстемдігінің табан тіреуіне байланысты жергіліктi иран тiлдерiн жаңа араб тіліне тез икемделген парсы тiлiнiң ығыстыруымен аймаққа Сасани мемлекеттiлiгiнiң дәстүрi ене бастады. Сасани мемлекеттілігінің басты сипаты – деспотизм исламдағы әділетті билік жүйесін өзгеріске түсіріп, Орталық Азиядағы ислам мемлекеттілігінің деспоттық-монархиялық жүйесін жасады. Осы кезде түркілер ауық-ауық осы аймаққа әскери жорықтар ұйымдастырып отырды. Осы жорықтар кезінде дехқандар – орталықазиялық жер иеленушілер түркілерге қолдау көрсетті. Бұдан дәстүрлi дехқандар деспотизмнің ауыр езгісінен қашып, түркi билеушiлерiн өздерi шақырды деп пайымдауға болады. Тоныкөк Соғдға кiргенде, арабтар Соғд мемлекетi федерациясының орталығы Самарқандқа кiрдi. Түркi-соғд одақтастығы кейiн Самани мемлекетiнiң құруылуына мұрындық болды. Тiл мен мәдениетте және мемлекеттiкте ирандық дәстүр басым исламдық мемлекет – саманилердiң құрылуы түркiлердiң оңтүстiгiндегi аймақтың түркiлер тарапынан жұтылып кетуден сақтап қалды. Саманилер мемлекетiнiң құрылуы арқылы соғдылар өздерiнiң көне ирандық дәстүрлерiнiң негiзгi элементтерiн сақтап қана қоймай, ендi ислам дiнi арқылы түркiлердi саяси-экономикалық және рухани-мәдени тұрғыда бағындыруға кiрiстi.

      Шығыс


Скачать книгу