Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс

Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары - Жомарт Жеңіс


Скачать книгу
христиан емес мемлекеттер мен халықтарға үстем тұрғыда қарау тән болды. Ал түркi көшпендiлерiн тiптi жабайылар қатарына жатқызып, олармен тек түркiлердің әскери-саяси қолдауын қажет еткенде ғана амалсыздан санасып, түркiлермен қарым-қатынасқа саяси мән бердi.

      Византия тарихындағы осы империяның сыртқы саясаты үшiн ең табысты кезеңдер елдегi идеялық бiрлiктiң, дiни тұрақтылықтың орнауымен байланысты болып келедi. Осымен бiр мезгiлде, олардың саяси қарсылас мемлекеттерi мен этникалық бiрлестiктерiнiң iшiндегi идеялық алауыздық пен тоқырау қатар жүрiп, осы топтардың саяси сахнадан тезiрек кетуiне себепкер болады. Бұл үрдiс империяның солтүстiктегi көршiлерiне ғана емес, шығыстағы дала көшпендiлерiне де қатысты.

      VI ғасырдың 50-жылдар аяғында Қара теңiз өңiрiндегi Византияның саяси жағдайы шиеленiстi. Империя Дон мен Днепр аралығындағы құтырғырлар мен Қобандағы олармен туыс ұтырғырларды бiр-бiрiмен қырқыстырып, құтырғырлардың Фракияға жасайтын шабуылын алдын алып, бұрынғы Ғұн империясының бiр бөлшегi болып табылаты екi туыс халықты жоюға тақады. Ал Қобанның бойын Византияның одақтасы аландар мекендейтiн.

      Осы сәтте бұрынғы империяны қайта қалпына келтiруге кiрiскен түркiттерден бөлiнген аварлар тарих сахнасына шығып, одақтас iздей бастады. Олар аландардың көсемi Саросиден Византиямен жақындасу үшiн ара ағайындық көмек сұрады. Бұл ұсынысты тиiмдi пайдалануға тырысқан Юстианнан аварларға Валентин бастаған елшiлер келiп, оларды Иранға қарсы ұрысқа шақырады. Осылайша, өздерiнiң нақты саяси бағдарламасына ие империя мен өз тайпаластарынан бөлiнген тайпа арасында 558 жылы бiрiншiсi үшiн тиiмдiрек одақ құрылады. Бiрақ бұл әскери-саяси одақ күтпеген жерден империя үшiн басқаша сипат ала бастады. Одақтасқа айналған аварлар империя шекарасына ұмтылды. Тiптi империяға бара-бара өз үстемдiгiн жүргiзе бастады. Валентин елшiлiгiнен кейiн аварлар Византия жақтастары сабырлар, ұтырғырлар, анттарға қарсы шығады. Осылайша, Иран өзiнiң қауiптi көршiсiнен құтылады.

      Түркi қағанатынан iргесiн мүлде аулақ салған аварлар осы кезде Византия дұшпаны ретiнде Иранға жақындауға мәжбүр болды. Осы сәтте аварлардың жауы түркiттер Византиямен одақтасу керек едi. Бiрақ мұны түркiттер мен Иранның ортақ жауы эфталиттер болдырмады. Сол себептi 560 жылы Истеми Хосроумен одақ құруға мәжбүр болып, Түрік қағандығы мен Византия (395-1453) ортақ қарсыластары сасанилерге (224-651) қарсы одақтасады. 628 жылғы соғыста түрік қағаны ирандықтарды жеңіп, ойсыратады. 565 жылы эфталиттердi жеңiп, соғдыларды жерiмен бірге өз қағанатына қосып алады. Осылайша, эфталиттер мен Солтүстiк Қытай патшалықтарын күйреткен соң түркiлердiң саяси жағдайымен қоса экономикалық қуаты да артты. Өйткенi Батыс пен Шығысты қосып жатқан керуен жолын бақылады.

      Юстианның әлемдi билеуге ұмтылысы Еуропаның барша мемлекеттерiмен дипломатиялық байланыс орнатуға итермеледi. Сол кезде алтынмен бiрдей бағаланатын жiбекке Византияның сұранысы зор болды. Бiрақ Жiбек жолы Византияға Иран арқылы өтетiн. Ал Иран болса Византияны әлсiрету үшiн жiбек нарқын жасанды


Скачать книгу