Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
келесі қадамы бөлшектік аумақтық-әкімшілік құрылымдарды, нақты айтқанда, дистанциялық жүйесін енгізумен (1831 ж.) байланысты болды. Кіші жүздің Батыс, Орта және Шығыс бөліктерінің аумағы шек бойындағы және далалық қашықтық аумақтарға (екі бекініс арасындағы әкімшілік бөлімшелер) бөлінген және оларды беделді қазақтардың ішінен қашықтық аумақ басшылары басқарды. Шеп бойындағы дистанциялардың көп бөлігі географиялық орналасуына қарай орталық (13) және батыс бөлігінде (8) құрылды. Дала қашықтық аумақтарының басым бөлігі шығыс бөлігінде орналасқан, олардың саны 21-ге жететін. Дала қашықтық аумақтары шаруашылық саны жағынан кем түссе де, жер көлемі жағынан асып түсті. Дистанциялық жүйенің енгізілуі Орынбор ведомствосы қазақтарға жүйелі түрде салық салу арқылы олардың саны есепке алуды ғана емес, сонымен бірге беделді сұлтан, би, рубасыларынан тағайындалатын дистанциялық басшылар түрінде жаңа әлеуметтік тірек құруды көздеді.

      ХІХ ғасырдың 40-жылдары Кіші жүздің ішкі қазақ қоныстарында әкімшілік-аумақтық және саяси қайта құруларды енгізу үдерісі барысында қазақ даласында бекітілген тірек тармақтары құрыла бастады: Торғай өзені бойында Орынбор бекінісі, Ырғыз өзені бойында Орал (1845 ж.), Раймск (1847 ж.) және Қарабұтақ форты (1848 ж.). Қазақ даласын ішкерілей бекініс жүйесінің құрылуы мен «Сырдария шебі» аталған әскери-әкімшілік бірліктің енгізілуі нәтижесінде ХІХ ғасырдың 40-жылдарында Ресейдің Орта Азиямен шекарасы «Сыр және Үстірт» арқылы өтті.

      Қазақ қоғамының ішкі өміріне араласуы, қазақ жерлерінің округ, «қашықтық аумақтар», болыс пен ауылдарға бөлінуі көшпенді халыққа тұрақты салық салу үшін қажет болды. Сібір ведомствосының қазақтары жыл сайын мемлекет пайдасына табиғи үдемелі салық – «жасақ салығын» (малдың жүз басынан бір бас) төлеп отыруға тиіс болды.

      Орынбор ведомствосының қазақтары ақшалай белгіленген салық – «түтін салығын» төлеп отырды, яғни жыл сайын әр түтіннен мемлекеттің пайдасына 1,5 сомдық күміс алынды.

      Кіші және Орта жүз аумағындағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы реформалар Ресей билігіне аймақта өзінің экономикалық және саяси жағдайын тұрақтандыруға және ортаазиялық аймаққа енуде сауда-саттық саясатын нығайтуға мүмкіндік берді.

      Бақылау сұрақтары:

      1. 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы Жарғының мазмұнын ашыңыз: әкімшілік пен сот істеріндегі өзгерістер.

      2. Орта жүздегі сыртқы округтердің құрылу механизмі мен округтік бұйрықтардың қызметін талдаңыз.

      3. «Азия істері комитетінің Орынбор өлкесін басқаруды жаңартуға қатысты бекітілген пікірі» атты құжаттың ерекшелігін түсіндіріңіз.

      4. Орынбор басқармасының қазақтарды басқару жүйесіндегі дистанциялық және жергілікті басшылар рөлін айқындаңыз.

      § 3. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

      ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көшпенді қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдасуы мен әлеуметтік құрылымы көшпенділердің мәдени-шаруашылығын,


Скачать книгу