Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
заттарымыздың тұтынушылары ету… Бұл үшін оларды көрші қылмай, керісінше, қазіргі көшпенді тұрмыстық қалпынан айырмауымыз керек» және нан сату арқылы «саяси және коммерциялық ықпалдан айырылмау үшін шекаралық шеп бойында пайда болған егіншілікті тоқтату қажет»25.

      Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі азиялық департаментінің шенеунігі, қазақ халқын зерттеуші А.Н. Левшиннің пікірі маңызды болып саналды. Оның пікірінше: «…бай малшыларды кедей егіншілерге алмастыру олардың жеке пайдасы мен көрші державалардың, әсіресе Ресейдің мүддесіне қайшы келеді… Ордалардағы тыныштық пен келісім ауылды кіргізумен емес, қатаң әділеттілік пен бағынушылыққа үйрету жолымен ғана іске аспақ». Бұдан басқа А.Н. Левшин бұл аймақтың Ресей үшін пайдасын атап өткен. Оның айтуынша, қазақ нарығы «Ресей тарапынан сатылатын тауарлардың әр түрлілігі және көптігімен», «сауданың пайдасын көретін адамдардың көптігімен», «бұл сауда іске асатын кеңістіктің көлемі жағынан неғұрлым кеңдігімен» ерекшеленеді.

      Жергілікті әкімшіліктің ой-пікірі үкіметтің саяси бағытының өзгеруінен көрініс тапты. Қазақ далалары империяның шет аймағы бола тұра, бір жағынан, астық пен өнеркәсіп өнімдерін өткізу нарығы, ал екінші жағынан, мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің сатушысы болып қалуы тиіс еді. Егіншілікті дамытуды тежеу бағытындағы үкіметтің саясатын қарастырғанда бұл саясаттың тек Кіші жүз қазақтарына ғана қатысты болғанын атап өту керек. Дәл сол уақытта Сібір әкімшілігі Орта жүз қазақтарының астық егу ісімен айналысқандарын құп көріп, тіпті, материалдық (кафтан, медаль, алтын сақина және т.с.с. марапат) тұрғыдан мадақтап отырған. Н.Г. Апполованың ойынша, қазақ даласының әр түрлі аймақтарына қатысты саясаттың өзгешелігі жүздердің ішкі жағдайымен ғана емес, сонымен бірге үкіметтің Орта Азияға жылжу бағытындағы негізгі шараларының Орынбор шебінің бойымен іске асырылғандығымен байланысты болды. Осы тұрғыдан Қазақстанның аталмыш шекаралық шепке тіреліп орналасқан бөлігін игеру маңызды болып саналды.

      Үкіметтің қазақ халқының шаруашылық өміріне араласуы саяси мүддені көздеуімен байланысты патша үкіметінің, ресейлік шекара шебінің Қазақстанның оңтүстік шекарасына жақындап жылжуына қарай Орынбор ведомствосы қазақтарын отырықшыландыру мәселесіне қатысты бағытын өзгертуі – мұның айқын дәлелі. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары патша үкіметінің осы саясатының мәнін анықтайтын жарлықтар шықты. Әсіресе 1852 жылы 23 желтоқсандағы қазақтарға қазақ даласына жолшыбай және іс-сапармен барушыларды күтуге рұқсат беру әрі сонымен айналысатындарға үй салу үшін тегін жер беру туралы жарлық; 1859 жылы 24 наурыздағы Орал казак әскерінің жерлерінде көшіп жүрген және далалық аймаққа қоныстануға тиіс қазақтарға олардың казак қатарына кірген жағдайда жергілікті жерден жер үлестерін бөліп беру туралы жарлық26.

      Бақылау сұрақтары:

      1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ көшпенді қоғамының әлеуметтік


Скачать книгу

<p>25</p>

РМТМ (РГИA). – 1291-қор. – 82 тізбе. – 9-іс. – 6-артқы парақша.

<p>26</p>

ОрОММ. – 18-қор. – 1-тізбе. –1471-іс. – 19-20 aртқы парақша.