Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
ықпал етіп, жаңа әлеуметтік топтардың құрылуына жәрдемдескен шаралардың кешенімен байланысты болды. Қазақ ақсүйектерінің Ресей империясының ерекше артықшылығы (жеке және ата-бабаларынан дворяндар, құрметті азаматтар) бар тобына кіруіне байланысты патша әкімшілігі таптық-құқықтық сипаттағы шаралардың негізін жасады. Біріншіден, бұл орыс емес халықтардың дәстүрлі қоғамына енгізіліп, шенеуніктердің қызметінде біртіндеп, сатылап өсу тетіктері белгіленген петровтық «Лауазымдар туралы табельдің» таралуына байланысты. Әрбір шенеуніктің «табельге…» сәйкес атқаратын қызметіне қарай дәрежесі белгіленді. Екіншіден, дәстүрлі қазақ ақсүйектерінің өкілдерін бірінші кезеңде (ХІХ ғасырдың бірінші жартысында) ресейлік тақтың мемлекеттік қызметіне кіргізу. Үшіншіден, лауазымды тұлғалардың қызметіне сай жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданды. Оларға материалдық (патша атынан берілген сыйлық, алтын не күміс қарумен марапаттау) және ақшалай сыйақы беру (уақытында төлемдерді беру); моральдық-мәртебелі ордендерге, медаль немесе жаңа шендерге ұсыну; салық төлеуден босату; зор алғыс тағайындау және тағы басқалар. Енді кез келген жеке адамның орны шығу тегіне, белгілі әулеттерге және әлеуметтік топтарға кіруімен емес, «патша және отан алдында» антқа адалдығы, жеке қабілеттіліктері мен Ресей мемлекетіне сіңірген еңбегімен, өзінің ру-тайпасын империяның қызметіне тартумен анықтала бастады21. Нәтижесінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысында әкімшілік-басқару жүйесінде бюрократиялық топтың аға сұлтан (Орта жүз), билеуші сұлтандар (Кіші жүз), болыстық сұлтандар, ауыл старшындары сияқты жергілікті қоғам өкілдері патша әкімшілігінің тірегіне айналды.

      Аймақтың ұлттық құрамының әлеуметтік құрылымын жете түсіну үшін ХІХ ғасырдың ортасына қарай қазақтардың элиталық топтарының ішінде ғана емес, қатардағы шаруалар арасында да өзгерістердің орын алғандығын ескерген жөн.

      Бұл нарықтық қатынастардың енуімен, ру ақсүйектер өкілдерінің қауымдық жерлерді тартып алуымен, жақсы егістік жайылымдарды басып алуымен қатар жүрген патшалықтың отарлау саясатының күшеюімен байланысты болды. Бұл жағдайлар жерді пайдаланудың орын алған тәртібін өзгертіп, қазақ руларының дәстүрлі көшпенді маршруттарын бұзды, жайылымның тарылуы мал шаруашылығы дағдарысының негізгі себептеріне айналды. Бұл факторлар алдыңғы он жылдықтармен салыстырғанда қарқынды мүлік жіктелісін туғызды. 1897 жылғы санақтың сұрау қағаздарында қазақтардың шаруашылығына тән емес іс-әрекет түрін белгілеген жаңа санаттың пайда болуы қазақ қоғамының жіктелуінің дәлелі еді. Сөйтіп, жартылай өндірістік іс-әрекет саласына (сауда ісі, күндіз жұмыс істейтіндер) қазақтардың 0,5 пайызы көшті. Сондай-ақ қазақтар жүк тасумен де айналысты. Оған себеп болған бірнеше факторды атап өтуге болады. Мысалы, нарықтық қатынастардың енуі, қауымдық жерлердің ақсүйектер тарапынан жекешеленуі, құнарлы жерлердің тартып алынуы сияқты патшалық отарлаудың


Скачать книгу

<p>21</p>

Масанов Н., Абылхожин Ж., Ерофеева И., Алексеенко А., Баратова Г. История Казахстана. Народы и культуры. – Алматы, 2000. – С. 181.