Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
халқының арасында мақта-мата және жүн сияқты орыстың маталары, металл бұйымдар (балталар, пышақтар, қазан-ошақ), тері, ұсақ-түйек бұйымдар үлкен сұранысқа ие болды. Шұға, қант, тұз көптеп сатылды. XIX ғасырдың екінші ширегінде Қазақстан барлық шекаралық шептер бойымен далаға жыл сайын 400-500 мың сом ассигнациямен шығарылатын ресейлік нанның басты түтынушысына айналады. Алайда қазақ халқының арасында металға деген сүраныс аз еді. Бүл аймақта дайын металдан жасалған бүйымдарға деген қажеттілік зор болды, себебі қолөнер өндірісінің дамуы нашар еді.
Қазақ даласынан көбіне мал және мал шаруашылықтарының өнімдері алынды. XIX ғасырдың басында Ресеймен шекаралас шептерде бір жыл ішінде 1,5 миллионнан артық ірі қара мал мен 100 мыңнан аса жылқы сатылып алынды. XIX ғасырдың ортасында бір ғана Ертіс шебіне жыл сайын 150 мың жылқы, 3 миллион қой мен 100 мың бүқа және 8 миллион сомға дейін сиыр әкелінді. Басқа тауарлардан май, жүн, былғары, тері, ешкі түбіт, киіз бүйымдары, киіздер, үй түрмысының жеке бүйымдары басым болды.
Ресейлік үкімет сауда саясатында көшпенділер мен көпестердің арасындағы айырбас үшін қолайлы жағдайлар жасалған әскери шептердің бойымен сауда тармақтарын үйымдастыруға ерекше көңіл бөлді. Гурьевтегі кеден басшысы 1807 жылы айғақтағандай, Орал шебінің барлық дерлік бекіністер мен форпосттарында сауданы Орал казак әскерінің шенеуніктері жалдаған татар бүйрықшылары өндірген23. Бүл ретте шептегі саудаға тек қазақтарға қажетті және күнделікті түрмыста пайдаланылатын тауарлар ғана түскен. Қазақ даласына барған саудагерлердің санына қатысты кейбір мәліметтерді беретін кеден кітаптарында «сауда татарлары» деген термин кездеседі. 1846 жылы қазақ ауылдарына Гурьев кедені арқылы Қазан губерниясынан 20 сауда шаруасы, Қалмақ кедені арқылы 23 сауда татары шықты. 1852 жылы далаға Орынбор кедені арқылы 347 адам, олардың ішінде 247 татар шаруасы Қазан губерниясынан жіберілді24. Аймақтың шығыс және оңтүстік бөлігіндегі қазақтар үшін Орта Азия хандықтары, Шығыс Түркістан және Қытай арасындағы сауданың маңызы зор болды. Заттай айырбас жақсы дамып, қой тауар қүнының баламасы саналды. Қазақтар мен көрші азиялық халықтар арасындағы сауда айырбас сарайлары мен шекаралық шептердің кедендерінде, Ташкент, Бүхара, Хиуа, Қоқан, Чугучак, Қүлжа сынды Шығыстың ірі сауда-экономикалық орталықтарында іске асырылды. Үлкен көлемде тауарлар тікелей қазақ көштерінде айырбасталды. Қазақтар ортаазиялық саудагерлерден қағаз маталар, мыс пен қоладан жасалған әр түрлі ыдыстар, жемістер, кілемдер, қару (қылыш, мылтық, пышақтар, жебелер), тері бүйымдарын көптеп сатып алды. Орта Азиядан Қазақстанға әкелінетін тауарлардың ішінен нан мен күрішке сүраныс үлкен болды. Ортаазиялық саудагерлер Қазақстанға, ең алдымен, мал көзі ретінде қызықты. Сырдария маңындағы қазақтардың көбі Бүхараға жыл сайын 50-100 мың, Ташкентке 200 мыңдай және Қоқанға 100 мыңға жуық қой әкелетін-ді. Орта және Ұлы жүзден малдың басым бөлігі Қүлжа мен Чугучактағы қытай кедендеріне жеткізілді. Бұл жергілікті
23
ҚР ОММ. – 25-қор. – 7-тізбе. – 5812-іс. – 43-парақша.
24
ҚР ОММ. – 10-қор. – 7-тізбе. – 6617-іс. – 7-175 парақша.