Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
губернаторы В. Перовский 1836 ж. Азиялық департамент директоры К. Родофиникинге хиуалықтардың «өз күштері мен тәсілдерін сынап», қазақтарды бағынушылар деп санап «ордада өз үйіндегідей» басқарылады және «Хиуа шекарасына қарамайтын руларға өз ықпалын жүргізуде», – деп жазды.

      Қатынастардың шиеленісуіне хиуалықтардың Орынбордан Бұхараға және кері өткен сауда керуендеріне шабуыл жасауы да ықпал етті. Хиуа билеушілері бұл сауда жолдарына бақылау орнатып, керуендерден баж алуға тырысты.

      Хиуадағы орыс тұтқындары мен олардың босатылуына қатысты мәселе екі ел арасындағы қатынастарды едәуір қиындатты. Хиуа ханынан тұтқындардың босатуына келісім ала алмаған орыс үкіметі 1836 ж. Ресейде болған барлық хиуалық көпестерді ұстап, мүліктерін тәркіледі. 1837-1838 жылдары сәтсіз келісімдердің нәтижесінде патша үкіметі өз талаптарының орындалуын әскери күштің көмегімен іске асыруды көздеген соң орынборлық әскери губернатор В. Перовский ұсынған Хиуаға әскери жорықтың жобасы қолдау тапты.

      1839 ж. 16 ақпанда Хиуаға әскери экспедицияның дайындығы мен ұйымдастырылуы туралы жоспар бекітілді.

      Орынбор әкімшілігі экспедицияның жүру маршрутын, әскери отрядтың жүру жолы бойынша азық-түлік, жем, отынның қорлары мен аралық пунктерді дайындау, экспедиция үшін ат-арба жалдау шараларын жасады.

      Жеке орынборлық корпустың командирі, генерал-губернатор В.А. Перовскийдің басқаруымен Хиуа экспедициясы 1839 жылы қарашада басталды. Әскери отряд (жаяу әскердің 3 батальоны және 20 құралды Орал және Орынбор казактарының 3 полкі, барлығы 4 мыңға жуық адам) Орынбордан Ембі мен Үстірт арқылы Кунградқа дейін өтуі керек еді. Мықты аяз, омбы қардың салдарынан отряд Ембі бекінісіне дейін бір айға жуық уақыт жүріп, 3 мыңнан астам түйе жоғалтты. Бұған қоса, жанармай мен жылы киімнің жетіспеушілігінен отряд Ембі бекінісінде қор толыққанша екі жұма аялдады. Алдағы жолда азық-түліктің жетіспеушілігі мен отрядтың жартысының қаза болуы салдарынан Перовский 1840 жылы Хиуа экспедициясын тоқтатуға мәжбүр болды27.

      1853 жылы орынборлық губернатор В. Перовский 1839 жылғы Хиуа жорығы барысында жасалған барлық қателікті ескеріп, жаңа жорықты ұйымдастырды. Оның түпкі мақсаты Ақмешіт бекінісін алу болды. Перовский отрядында 12 құралмен қаруланған 2170 адам болды. 2 шілдеде Ақмешіт орыс әскерлерімен қоршалып, жақын арада құлады. Оның орнында Перовский өзінің атымен «Перовский форты» деп аталған бекіністің негізін қалап, Сырдария бекініс шебінің қалыптасуын аяқтады.

      Бөкей хандығы: құрылу және басқарылу ерекшеліктері. Бөкей хандығы (Ішкі орда): құрылуы және мәселенің тарихнамасы. 1801 жылдың 11 наурызында І Павел Кіші жүздің Хан кеңесінде төрағалық еткен Бөкей сұлтанына «Орал және Еділ өзендері аралығындағы далаларда» көшіпқонуына рұқсат берген. 1801 жылы желтоқсанның соңында Орал мен Еділ өзендері аралығына қол астындағы 183 түтін үй немесе 740 адаммен Бөкей сұлтанның өзі қоныстанған. 1802 жылға қарай Астрахань казак әскерінің командирі П.С. Попов мәліметтері


Скачать книгу

<p>27</p>

Гиршфельд К-н. Военно-статистическое описание Хивинского оазиса // История Средней Азии: сборник исторических произведений / сост.: А.И. Булдаков, С.А. Шумов, А.Р. Андреев. – М., 2003. – С. 111-113.