Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова


Скачать книгу
қалған басқа особьтары пневматофораның астыңғы жағында орналасады және суға батып тұрады. Ашық мұхитта тіршілік ететін велелалардың дискісінің жоғарғы жағында ішіне ауасы бар өсінді-желкені болады. Физалия мен велелла судың бетімен ауа көпіршігіне және ауа дискісіне жел тигенде қозғалады. Физалиялар мен велеллалар су бетінде өте үлкен үйірлі топ құрайды.

      Бенталды мекендеушілер. Сутүбі флорасы, негізінен, бактериялардан, саңырауқұлақтардан, балдырлардан және бірнеше гүлді өсімдіктерден тұрады. Жануарлардан қарапайымдылар, құрттар, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер, құрсақаяқты және қосжақтаулы моллюскалар, тікентерілер басым болады (4-сурет).

      3-сурет. Теңіз плейстон биоценозы

      Желкеншілер – Vellela туысы Hydrozoa: 1 – желкеншінің үстінде отырған краб-планес Planes (желкеншінің жұмсақ ұлпаларын жеп отырған); 2 – желкеншінің төменгі жағында отырған моллюска янтина (Janthina); 3 – желкенші ұшарбалықтың уылдырықтарымен; 4 – желкеншінің қаңқасында отырған теңіз үйрекшесі (мұртаяқты шаянәрізділер) жас дарақтарымен; 5 – өзінің қалтқысына бекініп жүзіп жүретін янтина; 6 – янтина қалдырған қалтқының үстіндегі краб планес; 7 – қандала-суаршын (Halobates). (Жизнь животных. Т.1. – М., 1987)

      Бактериобентос барлық тереңдікте кездеседі. Түптік шөгінділердің беткі қабатында бактериялардың саны шельфтегі 1 мл дымқыл грунтта 1-9 млрд-қа жетеді, бірақ түптік шөгінділердің астына қарай олардың саны күрт азаяды.

      Саңырауқұлақтардан көбінесе фикомицеттер болады. Олардың саны 1 г грунтта бірнеше оншақты мыңға жетеді.

      4-сурет. Тікентерілілердің алуантүрлілігі:

      1. Asteroidea класы – (теңіз жұлдыздары) Asterina; 2. Кәдімгі теңіз жұлдызы; 3. Crinoidea класы – Solaster; 4. Теңіз лилиясы; 5. Echinoidea класы – теңіз кірпілері Echinarachnius; 6. Strongilocentrotus; 7. Holothuroidea класы – теңіз қияры; 8. Ophiuroidea класы – Офиура Ophipholis; 9. Бұтақты офиура (Жизнь животных. Т.1. – М., 1987).

      Фитобентос, негізінен, қоңыр, қызыл, жасыл балдырлардан және біршама гүлді өсімдіктерден тұрады. Қоңыр балдырлар жағалау маңында өседі, олар арнайы тамыртәрізді өсінділермен теңіз түбіне, мысалы, ламинария (Laminaria), бекініп тұрады. Бұлардың 900-дей түрі бар. Қызыл балдырлардың 2500-ден артық түрі анықталған. Жасыл балдырлардың түрлік алуандылығы төмен, ал гүлді өсімдіктер зостера, теңіз зығыры және басқаларынан тұрады.

      Сандық мөлшері жағынан фитобентоста қоңыр балдырлар (Fucus,Ascophyllum, Laminaria және басқалары) басым, содан соң қызыл балдырлар (Phyllophora, Polysophonia және басқалары), ал үшінші орынды жасыл балдырлар (Ulva, Cladophora) алады.

      Зообентос. Жануарлардың алуантүрлілігі және сандық көрсеткіштері біршама абиотикалық факторларға Әлемдік мұхиттың гидродинамикасына, жарыққа, тереңдікке және сутүбі грунтының типіне тәуелді. Әлемдік мұхиттың жағалау маңы – судың тасу және қайту зонасында тіршілік ететін организмдердің су деңгейінің және температураның тәуліктік өзгеруіне тұра алатын бейімделушіліктері пайда болған. Олар – белгілі бір уақытта


Скачать книгу