Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
болады. Су деңгейінің көтерілуіне қарай әлсін-әлсін су астында қалып отыратын бөлігін суасты жағалауы деп атайды (5-сурет).
5-сурет. Көлдердің бенталы мен пелагиалының экологиялық зоналары: А) Зернов бойынша,1949; Ә) Ruthner бойынша,1962 (А.С. Константиновтан алынған, 1986).
Көлдің бенталі жағалау және жағалаулық қайраңды қосып, жағаға жақын белдем немесе литораль деп атайды. Көлдің терең бөлігін профундаль дейді, ол көл табанының ең терең, толқын әсері жетпейтін бөлігінде орналасқан. Литораль мен профундаль арасындағы өтпелі аймақты, ол өсімдіктердің суда кездесетін шекарасына дейін, сублитораль деп атайды. Литоральда макрофиттер өте күшті дамыған, оттек мөлшері төмен, ал жаздың басы мен қыстағы стагнация кезінде оттек болмайды. Көлдің пелагиалы террасаның үстіндегі жағалау маңы және негізгі пелагиалға – құлама беткей мен қазаншұңқырдың үстіңгі бөлімі – болып бөлінеді.
Стагнация кезінде көлдегі су массасы тігінен – тік үш қабатқа бөлінеді: жоғарғы қабат – эпилимнион – бұл қабатта маусымдық және тәуліктік температураның кенеттен ауытқуын байқауға болады; төменгі қабат – гиполимнион, мұнда жыл бойына температура баяу өзгереді және аралық қабат – металимнион температуралық секіріс қабаты. Литораль көлде жақсы жетілген, онда макрофитер (қамыс, қоға) қаптап өседі. Гиполимнионның су массасы эпилимнионмен салыстырғанда шағын болады, оттек мөлшері төмен, жаздың басындағы және қыстағы стагнация кезінде оттек жойылып кетеді.
Өткен ғасырдың 20 жылдарында Тинеманн және Науманн ұсынған биологиялық класификациясы бойынша тұщы су көлдері эвтрофты, мезо-, олиго- және дистрофты деп бөлінеді.
Эвтрофты (қоректі) көлдерге терең емес (10 – 15 м), сулары қоректік заттарға бай жазықтық көлдер жатады. Бұларда жаз айларында фитопланктон жақсы дамиды, соған сәйкес бактериопланктон, зоопланктон, зообентос және балықтар мол болады. Органикалық қалдықтардың едәуір бөлігі су түбіне органикалық заттарға бай күшті лай қабатын түзей отырып, шөгеді. Сутүбі грунты лайлы, су мөлдірлігі нашар, түсі жасылдан қоңыр жасылға дейін болады. Литораль жақсы дамыған, макрофиттер өте күшті өседі. Гиполимнионның су массасы эпилимнионмен салыстырғанда аз, оттекке кедей, ал стагнацияның басында тіпті мүлдем болмайды десек те дұрыс. Бұл топқа, негізінен, шағын, су қабаты жазда түбіне дейін жақсы жылитын көлдер жатады.
Олиготрофты (аз қоректі) көлдерде биогендердің суға түсуі шамалы, сондықтан фитопланктон аз және соған сәйкес бактериопланктон, зоопланктон, зообентос және балықтардың да саны аз. Бұларға көпшілік жағдайда кристалдық тау жыныстарының ортасында орналасқан терең көлдер жатады. Гиполимнион эпилимнионнан асып түседі, оттекке бай. Терең көлдердің гиполимнион табанындағы шөгінділерде органикалық заттар өте аз, осыған орай олардың оттекке қанығуы 60-70 % – дан аспайды. Судың мөлдірлігі жоғары дәрежеде көк және жасыл түсті болады. Литораль шамалы дамыған, сутүбі шөгінділері