Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова


Скачать книгу
олардың тығыздығы кеміп, тереңге батпайтын болады, күзгі айналым аяқтала бастайды, суқоймаларында қайтадан температуралық дихотомия тұрақталады. Қыстық стагнация басталады.

      1982 жылы Ф. Форель көлдерді температурасына байланысты үш типке бөлді: қоңыржай (көктемде, күзде гомотермия толық байқалады), тропикалық (судың айналуы қыста – судың жоғарғы қабатының температурасы 4ºС-тан жоғары ), полярлық (судың айналуы жазда – температура 4ºС-тан төмен).

      Жарық біршама тереңдікке дейін тек олиготрофты көлдерде жетеді және судың мөлдірлігі 40 мге дейін болады. Әдетте көлдегі судың мөлдірлігінің 2-3 м-ден асуы өте сирек болады және жарық ең үстіңгі қабатта сіңіріледі. Бұндай құбылыс ағысы баяу болатын, өте күшті гумустелген дистрофты көлдерде байқалады.

      Көлдердің басым көпшілігі тұщы суларға жатады, (S<0.05 ‰), бір бөлігі ащылау (S=0.5-16‰ ), тұзды (S=16-47‰,) және өте тұзды болатын (S>47‰) суларда кездеседі. Тұздардың құрамына байланысты хлоридті, күкіртті, сілтілі көлдер болады. Тұщысулы көлдерде еріген карбонаттар (60 %-дай), сульфаттар, хлоридтер, нитраттар, кремнийдің, темірдің, марганецтің қосылыстары болады. Тұздылығы көлденең бағытта (Балқаш көлі) және тік бағытта (Молалы көлі) күрт өзгеретін көлдер де кездеседі.

      Олиготрофты көлдерде судың оттекпен қанығуы 1-2 мг/л шегінде, ал дистрофты көлдерде ол 60 мг/л-ге дейін көтерілуі де мүмкін. Сутек иондарының концентрациясы аз минералданған тұщысулы көлдерде әдетте бейтараптылыққа жақын, ал біршама минералданғандарда рН 8-9-ға дейін көтерілсе, дистрофты көлдерде бұл көрсеткіш бұдан төмен (рН 5,5-6).

      Гидробионттар үшін газ режимі олиготрофты көлдерде қолайлы, өйткені бұл көлдерде оттектік режим судың барлық қабатында қалыптыға жақын және күкіртті сутек жоқ. Эвтотрофты көлдерде оттектік режим көктем мен күзде гомооксигения құбылысы бар кезде қолайлы болып табылады. Қыс пен жазда, стагнация кезінде, гиполимнионда оттектің мөлшері күрт азаяды, сутүбіне жақын жерде тіпті 0-ге дейін төмендейді. СО2-ның орналасуы қарама-қарсы сипатқа ие. Су бетінде ол аз, тереңге қарай оның мөлшері қалыптыдан бірнеше есе артуы мүмкін. Сутүбіне жақын жерлерде күкіртті сутек жиі кездеседі. Мезотрофты көлдерде газ режимі олиготрофтыларға біршама жақын, ал оттек су қабатында аз болады.

      Көл грунттары автохтонды және аллохтонды деп бөлінеді. Алғашқысы көлдің өзінде бұзылған жағалаулардан түскен өнімдерінің және өлген организмдердің қалдықтарының жиналуы нәтижесінде түзіледі. Екіншілері өзендермен (лай, құм қиыршық тастар, майда тастар, қой тастар), желмен (құм, шаң) және басқа да жолдармен әкелінген түрде түзіледі. Аллохтонды грунттар көлдердің жағалау маңы аймағына тән болса, автохтондылар сублитораль және әсіресе профундалға тән болады. Көлдердің грунттарындағы органикалық заттардың мөлшері әдетте өзен қалдықтарына қарағанда жоғары болады. Органикалық заттар өте көп болатын көл грунттары оттектің қатысуынсыз кейде майларға, балауыз сияқты және азотты заттарға бай болатын супробель


Скачать книгу