Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
не басқа түрлі түстер болмайды.
Тереңдіктегі мекендеушілердің тіршілік жағдайында қоректік нысандар шектелген, бірақ температура мен күн сәулесінің әсері қолайлы болады. Температураның тұрақтылығы жануарларға ерекше гомойотермиялықты не жалған гомойотермиялықты қамтамасыз етеді. Жарықтың жоқтылығы қосымша қоздырғыштардың және рецепторлардың болуынан реттеуші механизмдермен реттеледі.
Тұщыланған теңіздердің мекендеушілері. Көптеген шеткі және ішкі теңіздердің тұздылығы төмен болады, соған байланысты олар мекендеушілердің алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Тұзды сулардың мекендеушілерінің арасында теңіздің эвригалинді және тұщысулық түрлері болады. Судың тұздылығы теңіздік және тұщысулық формаларға өте қиындық туғызады және ол тұздылық 7-5‰-ге дейін төмендегенде жақсы байқалады. Теңіздік формалар аса тұщыланған тұщы суларда мекендеуге шыдамайды.
Тұщы суларға өткенде тіршілік жағдайларының нашарлауына байланысты гидробионттардың өсімталдылығы төмендейді. Мысалы, Palaemon varians креветкасы Неаполь аймағындағы тұщы суларда мекендесе 20-25, ал теңізде (Франция жағалауларында) мекендесе 100-450 жұмыртқа салады.
2.2. Континенталды суқоймалары және оларды мекендеушілер
Континенттік суқоймалары табиғи және жасанды болуы мүмкін. Табиғи суқоймалар – көлдер, өзендер, батпақтар, ал екіншілеріне жасанды суқоймалар – бөгендер мен тоғандар жатады. Континеттік суқоймалары тұщы сулы (тұздылығы 0,5‰) сирек – ащылау сулы (тұздылығы 0,5-30‰) және тұзды (ащы) көлдер – (тұздылығы 40‰) болып бөлінеді. Тұщысуларда өсімдіктерден көк жасыл, диатомды және жасыл балдырлар, сол сияқты макрофиттер өседі. Жануарлардың 63-65 класынан континеттік суқоймаларда 19-21 класының өкілдері кездеседі. Олар: қарапайымдылар, коловраткалар, азқылтанды буылтық құрттар, бұтақмұртты, онаяқты және ескекаяқты шаянтәрізділер, құрсақаяқты және тақтажелбезекті моллюскалар, насекомдардың дернәсілдері және балықтар.
Көлдер. Көл деп жер бетіндегі суға толған теңізбен тікелей байланысы жоқ, су алмасуы нашар болатын қазаншұңқырлар мен ойыстарды айтады. Бұл анықтамаға сүйенсек, Каспий, Арал теңіздерін де көлдер қатарына жатқызуға болады. Көлдердің пайда болуы шұңқырға келіп құйылған судың мөлшері (сіңуі және булану) көп болған жағдайда жүзеге асады. Шығу тегіне қарай көлдер мұздық, тектоникалық, реликті, карстылық немесе ойылған көлдер деп бөлінеді. Мұздық көлдер мұздықтардың эрозиялық әсерінен, әсіресе плейстоцен кезінде пайда болған. Мұздықтардың еруі кезінде көп мөлшерде тау жыныстары (саз, балшық, малта тас, құм) тасымалданған және морена түрінде шөгінділер қалып отырған. Тектоникалық көлдер (Байкал, Телец көлдері және басқалары) жер қабатының жылжуы және ойылуы немесе жер қыртысының опырынды ойыстарында зілзала және басқа да тектоникалық құрылыстар кезінде пайда болады. Әдетте, бұл көлдер терең, созылыңқы және ауданы үлкен болып келеді, мысалы, мұндай көлдер Солтүстік Даувага суалабында, Еділ – Онега су